Көк байрақпен қоқыс тасыған қазақ қайда барады?

Көк байрақпен қоқыс тасыған қазақ қайда барады?

Мемлекеттік нышандарымызды бекіткенімізге жиырма жылдың жүзі болса да, олардың қадіріне өзге түгілі, өзіміз, осы елдің, осы жердің түп иесі – қазақ қауымы әлі жетіп болған жоқ секілдіміз. Мұның мысалы аттап басқан сайын алдымыздан шығып, жүрек сыздатып жүргені және рас. Жақында интернет сайттардың бірінде (www.akiyk.wordpress.com) шамамен Тараздағы Абай атындағы гуманитарлық колледжде өткен сенбіліктен қалта телефоны арқылы түсіріліп алынған бейнекөріністің масқара жарияланғанына куә болдық.

Езуі құлағына жеткен екі қыз мәз-мейрам күйде көк байрақпен қоқыс тасып жүр. Зембіл орнына пайдаланып отыр­ғандары мемлекеттің кие­лі Туы екендігімен ісі жоқ. Сүй­ретіп апарған бойы жол ше­тіне лақтырып тастай салды, ал келесі бір қыз үстінен тап­тап өте шықты! Міне, елдің бо­ла­шақ педагогтарының қы­лығы! Осыған енді не айтуға бо­лады? «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығына жүгінсек, әрине, бұл – отбасындағы тәрбиенің олқылығы. Өйткені отаншыл­дық сезім әрбір баланың құла­ғына жастайы­нан құйылма­йын­ша, патриот ұр­пақтың қа­­лыптасуы неғай­біл. Одан кейінгі себеп – па­рық­сыздық пен пайымсыз­дық­та. Абайша айтсақ, «қазақ та адам баласы ғой, көбі ақыл­сыздығынан аз­байды, ақыл­дың сөзін ұғып аларлық жү­ректе жігер, қайрат, байлау­лы­лықтың жоқтығынан аза­ды». Туған елінің қасиетті Туын аяқасты етіп қорлап және сол әрекетінің соншалықты надан­дық екенін сезінуге өресі жет­пей жүргендердің жоға­ры­дағы әрекетін басқаша бағалау мүм­кін емес. Мұндағы мәселе – бұл сорақылықтың қашан бол­­­­ғандығында емес, оның факт ретінде орын алғандығы мен сайттарға жаңғыртып са­лын­ғандығында.


Бейнекөріністегі сенбілік өтіп жатқан ғимараттың маңы...

Мақалада сөз болған мәселені анықтау мақсатында аталмыш колледжге хабарласқан едік. Бірінші рет қоңырау соққанда колледж директоры емес, оның орынбасарларының бірі көтерді. Мән-жайды түсіндіріп айтып едік, ол: «Жоқ, бұл туралы білмейміз. Бірінші рет естіп тұрмын. Бұл колледждегі тәрбиенің нашарлығы емес. Бұл – облыс деңгейіндегі ең алдыңғы орында тұрған оқу орны. Бұл мүмкін емес! Жай бейнемонтаж шығар. Біздегі бұлжымас қағида бойынша, кураторлардың өздері студенттерімен бірге тазалық жасап жүреді. Сол себепті бізде ондай әрекеттің болуы мүмкін емес», – деп жауап берді.
Шамалыдан соң қайта хабарласқанымызда хатшы қыз бізді Абай атындағы гуманитарлық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәдина Есіркепбайқызына қосты. «Колледждің 90 жылдық тарихы бар. Өте білікті, іргелі оқу орны. Сондықтан біздің қызметкерлердің немесе студенттердің бұлай істеуі мүмкін емес. Байқауымызша, бұл біреулердің әдейі ұйымдастырған дүниесі секілді. Бізде күнделікті патриоттық мәні бар шаралар өткізіліп тұрады. Сол себепті білім ордамызда мұндай арсыздықтың болуы мүмкін емес. Таңғалып отырмын. Жүрегінде сезім бар адам мұндай әрекетке бармас еді. Барып тұрған надандық! Бізді әдейі былғап көрсеткісі келгендердің ісі екені даусыз», – дейді М.Есіркепбайқызы.


Тараздағы Абай атындағы гуманитарлық колледж ғимараты. Айырмашылық бар ма?

Ең өкініштісі, өз қаракөздеріміз осыншама жете­сіз­дік танытып отырғанда, өзгелер не істемейді, не де­мейді?! Тағы да сол интернетке жүгінсек, мұның дә­лелін де алысқа ұзамай-ақ табатынымыз көрініп тұр. Мәселен, осыдан бірер күн бұрын mail.ru сайтының жеке тұтынушыларына арналған «Мой мир» парағында әлдекім қазақты қаралауға барынша тырысып ба­ғып­ты. «Бақ­сақ, бақа екен» демекші, Яна Бо­ри­сова деген сол бір «жұм­бақ жан» «Қа­зақ­тарды жек кө­ремін», «Ре­сей Қазақ­стан­­ды жыр­­­та­ды» деп, өзінің бар «ашуын» жеке па­ра­ғына тө­гуге тыры­сып­­ты. Сөй­­тіп, Ота­ны­мыз­­дың Ел­­таң­­басы мен көк бай­ра­ғының суретін іліп қойыпты. Өмірбаяндық дерегіне қарағанда, өзі кәрі кемпір көрінеді. Жарты нанын кіммен болса да бөлісіп жеуге бар кең пейіл, кеңқолтық қазақтың айдаладағы кемпірге не жазғаны бір Аллаға аян. Бәлкім, оған қарап тұрған да ештеңе жоқ. «Ел не де­мейді, есек не жемейді» деп қоя салатын-ақ нәрсе. Бірақ ең жаманы – ұлттың өз ішіндегі на­дан­дық, өз ішіндегі өресіздік.

Сүйінбай бабамыздың:
Бөрілі басым – ұраным,
Бөрілі – менің байрағым!
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып та кетер қайдағым! –

деп осыдан екі ғасырдай бұрын айтқан сөзі – әлі де сөз. Қай заманда да байрақтың көтерілуімен бірге, бойдағы қан қызып, намыс атойлайды, жігер жанылып, жү­рек жаңа жеңістерге жұлқынады. Ал мұны са­на­сын­да саңылау, кеудесінде қазақы рух жоқ бей­бақ­тар ға­на сезіне алмаса керек...

Мұрат Әбенов, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Бізде мемлекеттік рәміздерді қорғау, құрметтеу туралы арнайы заң бар. Онда ұлттық нышан­дарымызды қаралау немесе аяқасты ету жағдайларында мемлекеттік тұрғыда айып салып, жазалау туралы қаралған. Жасыратыны жоқ, бізде арнайы заң бола тұра, бұл мәселе өте өзекті күйінде қалып отыр. Әрине, бұл заң талаптарының кемшілігінен емес. Ең бастысы, ұлттық рух пен патриотизмнің жетіспей жатуынан орын алып отыр.
Бізде мемлекеттік нышандарымыз арнайы шараларда немесе рәміздер күнінде ғана еске алынып жатады. Яғни науқандық шараларда ғана алаулатып-жалаулатып алып жүреміз. Ал ертеңінде қарасаңыз, көбі шашылып, аяққа тапталып, далада жатады. Бұл нені көрсетеді? Арнайы насихат пен жұмыстардың жетіспеуі. Бәрін заңға тіреп қоюға болмайды. Оны басқаша механизмдер арқылы реттеуіміз керек. Болмаса, мәжбүрлеу арқылы реттеуге тура келеді. Заң бәрімізге ортақ. Мемлекеттік нышандарды құрметтеу – әр азаматтың парызы.


Ойсалар
Өткенге ой жүгіртер болсақ, адамзат қоға­мы­ның елдіктің басты белгісі есебіндегі Туға қатысты та­нымы тым тереңде жатыр. Бұл ретте оның та­рихы Шыңғысхан әскері сырық ұшына байлап кө­терген ат қылы мен ежелгі Египеттің құз ба­сын­дағы құдай мүсіндерінен бастап, бүгінгі за­ма­науи тәсілмен әдіптелген әдемі шар­шы­ларға де­йінгі ұзақ аралықты қамтитыны анық. Бірақ жөн-жобасы да, түр-түсі де сан алуан сол бел­гілерді өзара байланыстырып тұрған – бір-ақ нәрсе. Яғни ықылым заманнан-ақ адамдар Туды басты рәміз ретінде қастерледі, өзіндік тамаша қасие­тінің бағасына жете білді. Өйткені қай кезде де елді ел ретінде айшықтайтын да, өзгенің назарын өзіне аударатын да, әрбір жүректің туған Отанына деген махаббат пен сүйіспеншілік сезімін артты­ратын да, ең алдымен, елдің Туы болды. Сол киелі Тудың жығылмай, биіктен желбіреуі үшін баба­ла­рымыз талай ғасырлар бойы қанын да төкті, жа­нын да қиды. Сондықтан Туды сыйлау – өз еліңді, халқыңды, оның қасіретті де қасиетті тарихын сыйлау деген сөз.
Бір ғана біз емес, бүкіл адамзат баласы мемлекеттік туға ерекше ден қояды және әлеу­меттің оған деген құрмет сезімін қалыптастыруға мей­лінше күш салады. Мәселен, біз «адами құн­ды­лықтарға аяқасты қарайды» деп ойлайтын АҚШ-тың өзінде мемлекеттік туды пайдалану ере­жесі Ту Кодексінде тәптіштеп жазылған. Фе­де­ралды заң туды дұрыс қол­дан­бағандарды жа­за­лау мәселесін қарастырмаса да, ту туралы арнайы заң арқылы әрбір штат тәртіп бұзушыны жауапқа тар­та алады. Мысалы, туға жазуға, сурет салуға, оны киім, ішкиім ретінде пайдалануға заң ар­қы­лы қатаң тыйым салынған. Тудың мемлекет сим­во­лы екендігі АҚШ заңында баса көрсетіліп, оның ор­нының басқа жалаулармен салыстырғанда ай­рық­ша екендігі ескертілген. Дәл осындай тәртіп Австралияда да қарастырылған. Бұл елдің ұлттық туы өз елінде басқа тулар мен жалауларға қа­ра­ған­да неғұрлым биікте орналасуы тиіс. Сол сияқты іргелес Ресей елінің де Ту туралы арнайы ереже жасап, Мемлекеттік ту күнін белгілегендігі мәлім. Сайып келгенде, мұның барлығы – ел тә­уел­сіздігін сыйлаудан және сол сезімді еңбектеген ба­ладан еңкейген қартқа дейін сіңіруден, түй­сіндіруден туатын шара.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста