Кім журналист, кім блогер? - Журналистерге баспасөз картасы не үшін қажет?

Кім журналист, кім блогер? - Журналистерге баспасөз картасы не үшін қажет?

Ұлттық медиа қауымдастығы БАҚ-қа арналған «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев қызу талқыланып жатқан баспасөз картасына қатысты пікірін айтты.

 

Өмірәлиевтің пікірінше, қазіргі уақытта заң жобасында баспасөз картасы бойынша шектеу нормалары жоқ.

 

Халықаралық тәжірибенің негізінде комиссия толығымен баспасөз картасын беру туралы шешім қабылдайтын салалардың өкілдерінен тұратын болады, - деді Жасұлан Өмірәлиев.

 

Журналист Махат Садық БАҚ-қа баспасөз картасын не үшін беру қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда кімнің журналист, кімнің блогер екенін ажырата алмай қалдық.

 

Баспасөз картасы керек. Қазір кім журналист, кім блогер, кім жай жаза салушы айырудан қалдық. Неге қажет? Өйткені журналисттердің кәсіби қызметін атқаруға осы баспасөз картасы көп қолғабыс тигізеді деп сенемін. Бұл карта демократияны және әлеуметтік мәселені шешуге көмек береді, - деді Махат Садық.

 

Бұған дейін Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев баспасөз картасын енгізудің қандай артықшылығы бар екенін айтқан еді.

 

– Баспасөз картасына қатысты әртүрлі түсіндірмелер бар. Баспасөз картасы - журналистердің мүдделерін қорғауға арналған. Әрине, пресс-картаны алудың қажеті жоқ, бірақ кім пресс-картаға ие болса, оның ерекше мәртебесі болмақ. Бұл бірқатар мүмкіндікке жол ашады, оның ішінде елдегі ұйымдар, әсіресе, мемлекеттік ұйымдар қолжетімді болады. Былайша айтқанда,  журналистер үшін белгілі бір пайдасы бар. Бұл картаны бүкіл журналистер міндетті түрде алудың қажеті жоқ. Баспасөз картасын алмақ-ақ қызметін өзгелермен бірге  жалғастыра алады. Алайда, баспасөз картасын алу арқылы белгілі бір мүмкіндіктерге ие болады, - деді қауымдастық төрағасы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста