Инсульт пен қатерлі ісік қаупін азайтады: қандай көкөністі жиі жеу керек?

Инсульт пен қатерлі ісік қаупін азайтады: қандай көкөністі жиі жеу керек?

Қызанақты шикілей немесе түрлі тағамдарға қолдану арқылы жеуге болады. Қызанақ дәмді көкөніс қана емес, оның денсаулыққа пайдасы да мол. Бұл жайлы National Library of Medicine журналында жарияланған зерттеуде жазылған, - деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі.

Қызанақтың пайдасы

Қызанақтың құрамында дәрумендер мен минералдар ғана емес, сонымен қатар ликопен деп аталатын антиоксиданттық қасиеттері бар өте маңызды каротиноид бар. Мұндай пигмент қызанаққа тән қызыл немесе қызғылт түс береді.

Түс неғұрлым қарқынды болса, көкөністе ликопен соғұрлым көп болады. Ликопен адам ағзасына өте пайдалы.

Ғалымдар негізгі артықшылықтарға мыналарды жатқызған:

иммундық жүйені нығайтады;
холестеринді төмендетеді;
бос радикалдармен күреседі;
инсульт қаупін азайтады;
қанның ұюын жақсартады;
атеросклероз қаупін азайтады;
Ғалымдардың айтуынша, ликопен термиялық өңдеуден өткен қызанақтарда көп кездеседі. Шикі көкөністерде шамамен 515 микрограмм ликопен бар. Екі ас қасық томат пастасында 13,8 мың микрограмм ликопен бар.

Қызанақ қатерлі ісік қаупін азайтады

Зерттеуге сәйкес, ликопен ұйқы безі қатерлі ісігінің алдын алады. Атап айтқанда, рационында қызанақ көп болатын адамдар қатерлі ісік ауруының ықтималдығын 31% төмендетеді.

Қызанақтың зияны

Кей адамдардың ағзасы қызанаққа төзімсіз, сондықтан оларда аллергия болуы мүмкін. Сондай-ақ қызанақты мына адамдарға жеуге болмайды:

 артритпен ауыратын адамдар;
 бүйрек және подагра ауруларымен қианалатын адамдар
 гастрит, асқазан жарасы, панкреатитпен ауыратын адамдар
Егер сіз қыжылмен қиналатын болсаңыз, қызанақты жемеген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста