ІІМ құрамындағы Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылуы мүмкін

ІІМ құрамындағы Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылуы мүмкін

Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Әкімшілік полиция комитеті мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Көші-қон қызметі комитеті мемлекеттік мекемесі таратылсын. Бұл ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі Ішкі істер министрлігінде басқа құқық қорғау органдарымен (БП, СЖҚІА, ҰҚК) ұқсастығы бойынша қызмет құру туралы тапсырмасын орындау аясында ұсынылып отыр. Жобаны қабылдау құқық қорғау қызметін өткеруді ұйымдастыру тәсілдерінің бірлігі қағидатын іске асыруға, қызметкерлерді басқа құқық қорғау органдарымен ұқсастығы бойынша әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етуді біріздендіруге, дербестікті қамтамасыз ете отырып, шешімдер қабылдау кезінде олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыра отырып, ІІМ-нің қайта құрылған бөлімшелерінің жұмысын қайта құруға, осы лауазымдарды тәжірибесі мол білікті кадрлармен алмастыру үшін тартуға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.
Қаулыда көрсетілгендей, бұл істі жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржат талап етілмейді. Комитет төрағалары мен олардың орынбасарларының еңбекақы мөлшері мен арнаулы атақтары өзгеріссіз қалады

Құжатты ашық талқылау 19 желтоқсанға дейін жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста