Елімізде мереке күндері ауа-райы қандай болады?
Қазгидромет мамандары 16-19 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады.
16 желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстік пен шығыста Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар жауады, бұрқасын болады. Елдің кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, батысында жел 15-20 м/с-ке дейін көтеріледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жел жаяу бұрқасын болып, жел болады.
Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен қатар жел соғады, оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Облыстың батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, тау бөктерінде, түнде және таңертең Түркістан, Алматы облыстарының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аумақтарында тұман түседі.
Түнде Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, орталығында шаңды дауыл болады.
Алматыда 16 желтоқсанда ауа температурасы түнде -4°C, күндіз +1°C көрсетеді. 17-18 желтоқсанда күн ашық болады, түнде -3...+1°C, күндіз +4...+8°C көрсетеді. 19 желтоқсанда күн бұлтты, түнде +2°C, күндіз +10°C болады.
Нұр-Сұлтанда 16 желтоқсанда түнде -7°C, күндіз -5°C болады. 17 желтосқанда қар жауып, түнде -6°C, күндіз -2°C суық болады. 18 желтоқсанда түнде -5°C, күндіз -3°C көрсетеді. 19 желтоқсанда қар жауады, түнде -6°C, күндіз -2°C болады.
Шымкентте 16 желтоқсанда күн ашық болады, түнде -3°C, күндіз +4°C болады. 17-18 желтоқсанда күн ашық, түнде -4...-2°C, күндіз +9...+14°C жылы болады. 19 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде +5°C, күндіз +11°C көрсетеді.
Ақмола облысында 17-19 желтоқсанда қар жауады. Ауа температурасы түнде -4...-3°C, күндіз -2...-1°C болады.
Ақтөбе облысында 17 және 19 желтоқсанда қар жауады, түнде ауа температурасы 0°C, күндіз +2°C көрсетеді. Ал 18 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар.
Алматы облысында 17 желтоқсанда күн бұлтты, түнде -7°C, күндіз +6°C болады. 18 желтоқсанда күн ашық, түнде -6°C, күндіз +7°C. 19 желтоқсанда күн бұлтты, түнде -3°C, күндіз +10°C болады.
Атырау облысында 17 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +4°C болады. 18 желтоқсанда күн бұлтты, түнде +1°C, күндіз +3°C. 19 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде +1°C, күндіз +3°C жылы.
Шығыс Қазақстан облысында 17 желтоқсанда қар жауады, түнде -8°C, күндіз -5°C. 18 желтоқсанда түнде -6°C, күндіз -3°C көрсетеді. 19 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады, түнде -4°C, күндіз +1°C болады.
Жамбыл облысында 17-18 желтоқсанда күн ашық, түнде -4...-1°C болса, күндіз +9...+13°C жылыны көрсетеді. 19 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде +3°C, күндіз +12°C болады.
Батыс Қазақстан облысында 17 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде -2°C, күндіз 0°C көрсетеді. 18 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы 0°C болады. 19 желтоқсанда қар жауады, түнде -4°C, күндіз -1°C.
Қарағанды облысында 17-18 желтоқсанда күн бұлтты, ауа температурасы түнде -6°C, күндіз -1°C болады. 19 желтоқсанда түнде -5°C, күндіз -1°C болады.
Қостанай облысында 17-18 желтоқсанда қар жауады, түнде -2°C, күндіз -1...0°C көрсетеді. 19 желтоқсанда ауа температурасы -2...0°C аралығында болып, қар аралас жаңбыр жауады.
Қызылорда облысында 17 желтоқсанда күн ашық, түнде -3°C, күндіз +3°C болады. 18 желтоқсанда күн бұлтты, 19 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы екі күнде де түнде -2°C, күндіз +6°C көрсетеді.
Маңғыстау облысында 17-19 желтоқсанда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3...+7°C, күндіз +7...+9°C болады.
Павлодар облысында 17 желтоқсанда күн бұлтты, түнде -5°C, күндіз 0°C болады. 18-19 желтоқсанда қар жауады, түнде -3...-5°C, күндіз -1...-2°C болады.
Солтүстік Қазақстан облысында 17-19 желтоқсанда қалың қар жауады. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -1°C болады.
Түркістан облысында 17 желтоқсанда күн ашық, түнде -4°C, күндіз +6°C болады. 18 желтоқсанда күн бұлтты, түнде -3°C, күндіз +8°C көрсетеді. 19 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, түнде 0°C, күндіз +7°C болады.
Stan.kz