Ел абыройын асқақтатқандар елге оралды

Ел абыройын асқақтатқандар елге оралды

Лондон Олимпиадасында толағай табысқа кенеліп, айды аспанға бірақ шығарған қазақстандық спортшыларды күтіп алу Алматы мен Астана әуежайларында жақсы үрдіске айналды. Бұл жолы алып шаһарлардың әуежайлары боксшылар мен балуандарды күтіп алды.
Кеше түн ұйқысын төрт бөлген аста­налықтар халықаралық әуе­жай­да бүгінгі батыр ұл-қыздарын – Лондон Олимпиадасының төрт бір­дей жүлдесін жеңіп алған боксшылар құ­рамасын күтті. Әуежай ғима­ра­тының ішінде де, сыртында да ине шаншар жер болмады. Халық өз чемпиондарын құшақ-құшақ гүл­дер­мен қарсы алып, астыларына қым­бат көліктер мінгізіп жатты.
Ұшақтан түскен бойда Олим­пиа­даның бас қаһармандары – құра­ма­ның капитаны, алтын медаль мен Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев, күміспен күптелген Әділ­бек Ниязымбетов, сондай-ақ қола жүл­дені жеңіп алған Иван Дычко мен Марина Вольнова баспасөз мәсли­ха­тын өткізіп, жеңіс жолындағы естеліктері мен болашақ жоспар­ла­рымен бөлісті. «Әрине, мен өз же­ңісіме аса қуаныштымын. Бұған дейін екі әлем чемпионатын бағын­дыр­дым. Ал Олимпиада чемпионы болу кез келген спортшының арманы ғой. Осы жетістікке қол жеткізгеніме шексіз бақыттымын. Әлбетте, қар­сыластарым мықты болды. Бірақ мен бұл Олимпиадаға жақсы дайындала білдім. Оның бәрі жаттықтырушылар құрамы мен жеке бапкерімнің ар­қасы деп білемін», – дейді С.Сәпиев.
Оның айтуынша, Олимпиададан кейін ол бір-екі айдай демалуды жос­парлап отыр. Ал келесі жылы Астанада өтетін бокстан әлем чем­пионатына қатысу жайын әлі ойлан­бапты. «Мен әлем чемпионаты жай­лы әлі ойланамын. Алдымен дема­лып, тынығып алған жөн. Өз бабыма келейін. Дәл қазір ол додаға қатысамын, я қатыспаймын деп нақ­ты айта алмаймын», – деді Олим­пиада чемпионы.
Мырзағали АЙТЖАНОВ, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
– Бас кезінде жоспар­ла­ған­дай, біздің жігіттер үш бірдей медальға қол жеткізді. Дегенмен белгілі бір жағдайлар бол­ма­ғанда, біз одан да көп жүлде алатын едік. Олимпиада ойын­дары – бұл үлкен мектеп. Біздің боксшылар тиісті тәжірибе жинап алды. 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиадада кем дегенде екі алтын аламыз деп ойлаймын.

Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алған Әділбек Ниязымбетов болса финалдық жекпе-жекте жеңе­тініне сенімді болған екен.
«Бұл жек­пе-жек тең аяқталған кезде алтын медальді бізге береді деп ой­ла­дым.Алайда төреші ресейліктің қолын кө­терді. Әрине, мен үшін күтпеген жағдай болды. Дегенмен күміс жүлдеге де шүкір­шілік етемін», – дейді Ниязымбетов. Маң­ғыстау облысы өз чемпионына Тoyota Camry көлігін сыйлауға шешім қабылдапты.
Ал Олимпиаданың қола жүлдегерлері  Иван Дычко мен Марина Вольнова осымен тоқтамаймыз дейді. БАҚ өкілдері М.Воль­нованың таза қазақ тілінде сөйлеу мәнеріне ерекше қызығушылық танытты. «Қазақ тілін оңай үйреніп алдым, – дейді Марина қыз. – Мен өзім Қазалыда туғанмын. Ол жерде қазақтар көптеп шоғырланғанын жақсы білесіздер ғой. Соның арқасында қазақ тілін еркін меңгеріп шықтым. Астанаға көшкеніме екі жылдай болып қалды. Дегенмен қазақ тілін ұмытқан жоқпын».

Ақжүрек Алматыға келді
Лондон Олимпиадасында толағай табыс­қа кенеліп, айды аспанға бірақ шығар­ған қазақстандық тола­ғай­лар­ды күтіп алу Алматы әуежайында жақ­сы үрдіс­ке айналды. Бұл жолы алып шаһар­дың әуежайына Стамбулдан Алматыға бет алған ұшақ келіп қонды.
Бортында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров бар. Қазақ үшін алтынмен пара-пар болған қола медальді иеленген Ақжүрек Лондон бозкілемінде еркін күрес шеберлерінің абыройын жалғыз өзі сақтап қалған. Қазақ ұлдарының арасынан Мәулен Мамыровтан кейін Олимпиада жүлдесіне ілініп отырған еркін күрес шебері – осы Ақжүрек. Бүкіл еркін күрес балуанын ұяттан сақтап қалды. Дегенмен екі бірдей қазақ жігіті 5-орыннан көрінді. Біз үшін бұл да – үлкен жетістік. Алматы әуежайында Ақжүрекке жылы лебізін білдіргісі келетіндер көп жиналды. Дәстүр бойынша баспасөз мәслихаты өтіп, журналистер көкейлерінде жүрген сұрақ­тарына жауап алды.
Бәрінің де білгісі келетіні құлақ тісте­ген­де төрешілер неге көз жұмды деген сауал болды.
– Төрешілердің қайда қарағанын біл­меймін. Кілем үстінде айқайлай алмайсың. Бәлкім, көргілері келмеген шығар. Басқа не айтамын?! Марапаттау рәсімінен кейін тіпті оны күміс медаль алғанымен құттық­тадым. Ең бастысы, Олимпиада ойын­дарында жүлдеге ілініп, ел сенімін ақта­ған­нан басқа бақыт жоқ менде. Рас, өзегім­ді өкініш те өртейді. Тіпті Олимп шыңын бағындыру мүмкіндігім де мол еді. Чемпион атанған жапонды да, құлақ тістегіш Кумарды да жеңген едім ғой. Тіпті Кумарды биылғы Астанада өткен лицен­зиялық турнирде ұтқан болатынмын. Бұл жолы да одан шеберлігім басым екендігін байқадым.
– Лондон бозкілеміндегі бел­де­су­лерге кеңірек тоқтала кетсеңіз...
– Неге екені белгісіз, алғашқы айна­лымд­а кішкене сылбырлық танытамын. Үзілістен кейін бойыма күш-қуат бітеді де, атой саламын. Соңғы шешуші екі белде­су­де сондай күй кештім. Көп салмақ қуға­ны­ма қарамастан, бойымда күш-жігерім басым болды. Ел абыройы үшін барымды салдым. Соңғы белдесуде қолдан қола медаль сусып бара жатқандығын түсініп, аянбадым. Соның нәтижесінде мен үшін аса бағалы медальға қол жеткіздім. Арманым Олимпиадаға қатысып, Қазақ елінің намысын абыроймен қорғау еді. Оған да қол жеткіздім.
– Енді алда қандай жоспарың бар?
– Құлағымды күтемін. Егер өзі жазыла қоймаса, тіктіруге тура келеді. Содан кейін ғана жаттығуға кірісемін.

Чемпионның табаны туған жеріне тиді
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қарағандының «Сарыарқа» әуежайынан күтіп алған халықта қисап жоқ. Ел намысын қорғаған жігіттің табанын қараған­ды­лық­тар жерге тигізбеуге бар. Әсіресе чемпион­ның туған жері – Абай қаласының тұрғын­дары түгелдей көшіп келгендей әсер қалдырды. Жиналған қауымның чемпион­ға деген ілтипатын сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Көптің көзайымына айналған чемпион бұл жеңістің барша қазақстандыққа ортақ еке­нін атап өтті. Өзінің чемпион екенін әсі­ресе туған елге келгенде халықтың ыстық ықыласы анық сездіргенін және жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста