"Далада түнеген": Жамбыл облысында ауыл әкімі қар құрсауында қалып қойған 70-ке жуық адамды құтқарды

"Далада түнеген": Жамбыл облысында ауыл әкімі қар құрсауында қалып қойған 70-ке жуық адамды құтқарды

Жамбыл ауданындағы Берікқара ауылдық округінің әкімі Ербол Смайылов ауа райының қолайсыздығынан тас жолда тұрып қалған 70-тен астам адамды құтқарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 және 11 ақпанда ауа райының қолайсыздығынан Тараз-Қаратау тас жолында 35 көлік пен 70-ке жуық адам жолда тұрып қалған.

"Ауылдық округ әкімдігіне ауыл тұрғынынын ауа райының қолайсыздығынан байланысты екі немеремсімен бірге Қаратау-Тараз тас жолында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауыл әкімі жедел түрде төтенше жағдайлар бөліміне хабар беріп, құтқарушылардың келуін күтпей-ақ өзі іске кірісті. Нақты координаттардың жоқтығына қарамастан, өз бетінше іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстары кезінде әкімнің қызметтік көлігі қарлы боранға кептеліп қалып, тұрғындарды жаяу іздеуді жалғастырған", – делінген хабарламада.

Әкім ер адам мен немерелерінің қай жерде қалып қойған жерін анықтаған. Ол жерге арнайы техника тартылып, табылған адамдар қауіпсіз жерге жеткізілді.

"Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері келгенше ауыл әкімі өз өмірін қатерге тігіп, өзге азаматтарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып, жол бойында түнеген", – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары құтқарушылармен бірлесе отырып, арнайы техниканың көмегімен қар құрсауында қалған 35-ке жуық автокөлікті жол жиектерінен шығарып, көлік иелеріне тапсырды.

Ербол Смайылов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста