Байқоңырда баласының жағдайына мүлде қарамай, қатыгездік танытып келген әйел жауапқа тартылмақ

Байқоңырда баласының жағдайына мүлде қарамай, қатыгездік танытып келген әйел жауапқа тартылмақ

Байқоңыр қаласының 45 жастағы тұрғыны ата-аналық міндетін дұрыс орындамаған. Ол бірнеше ай бойы баласының жағдайына қарамаған, одан бөлек қатыгездік көрсеткен. Әйел жауапқа тартылып, 40 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Байқоңыр қаласының прокуратурасының мәліметінше, 45 жастағы әйел бірнеше ай бойы ата-аналық міндетін дұрыс атқармаған. 

"Ол баланың тұрғылықты жерінде қарапайым гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпеген, оның физикалық, психикалық және моральдық дамуына тиісті көңіл бөлмеген. Тіпті оған қатыгездікпен қараған",- деді Байқоңыр қаласының прокуратурасы.

Белгілі болғандай, бала тоғыз жаста. Ол анасы екеуі Байқоңыр қаласында тұрады. Бұл істі Ресей билігі бірінші анықтаған. Алайда әйел Қазақстан азаматы болғандықтан, іс Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны, оған қатыгездікпен қараумен қоса ең жоғары жаза қырық тәулікке қамауға алу болып табылады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста