Астанада адам көп жүретін аумақтан заңсыз діни әдебиеттер дүкені ашылған
Астанада Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату фактісі анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Артем» орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз әдебиеттер дүкені ашылғанын анықтады.
Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы («Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын адамдарды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz