Арзан автонесиеге қандай көліктерді алуға болады?
Қазақстанда отандық автомобильдерді жеңілдікпен несиеге беру жұмысы басталды. Бүгінде екінші деңгейлі банктер арқылы автомобильдің 55 түрін алуға болады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы Тенгриньюс агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен, арзан автонесиеге қандай көліктерді алуға болады? Олар: Chevrolet Aveo; Chevrolet Captiva; Chevrolet Cruze; Chevrolet Malibu; Chevrolet Orlando; Chevrolet Tracker; KIA Carens; KIA Ceed; KIA Cerato; KIA Cadenza; KIA Optima; KIA Picanto; KIA Rio; KIA Carnival; KIA Sorento; KIA Soul; KIA Sportage; LADA 21214; Škoda Octavia; Škoda Rapid; Škoda Superb; Škoda Yeti; Hyundai Tucson; Hyundai Elantra; Hyundai Sonata; Hyundai SantaFe; Hyundai i-30; SsangYong Kyron; SsangYong New Actyon; SsangYong Actyon Sports; SsangYong Rexton; SsangYong Nomad; SsangYong C150; SsangYong Tivoli; JAC A20; JAC J4; JAC J5; JAC S3; JAC S5; JAC J6; JAC M5; Peugeot 408; Peugeot 301; Peugeot 508; Peugeot 3008; Peugeot 2008; Peugeot Partner VP Tepee; Geely CK; Geely GC 6; Geely MK-CROSS; Geely SC-7; Geely GC-7; Geely Emgrand E7; Geely Emgrand GX-7; ZAZ Chance.
Аталған көліктерді келесі банктер арқылы алуға болады: "Қазақстан халық банкі" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Сбербанк России" АҚ, "ForteBank" АҚ, "Банк ЦетрКредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ.
Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының басшысы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, бұл - бірегей мүмкіндік. Себебі екінші деңгейлі банктердің орташа мөлшерлемесі - 19-20 пайыз. Ал жаңа бағдарлама бойынша көлікті 7,5 пайызбен алуға болады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу