Арал өлімін тілегендердің айтқанына қалай көндік?

Арал өлімін тілегендердің айтқанына қалай көндік?

Мамандардың айтуынша, Арал теңізі өз тарихында төрт рет тартылған екен. Бір кездері Әмудария Каспийге құйып, Сырдың суы теңізге жетпей, Қызылқұмның құмына сіңіп кетіп отырған. Алайда табиғаттың тосын мінезінен бірнеше рет теперіш көргенімен Арал ернеуіне жетіп, қойны балыққа толып отырған еді. Жер бетіндегі ішкі сулардың ішінде ірілігі жағынан 4-ші орын алған Арал, 4-ші рет адам қолымен тартылып кетті. Аралдың күретамыры – Әмудария мен Сырдарияның суын толығымен мақта, күріш алқаптарына пайдалануды ұсынған кеңес «академигі» Григорий Воропаев жобаларының Аралды қасіретке ұшырата бастағанын көріп тұрып, биік мінберден: «Олай болса, Аралға «әдемі» өлім тілейік!» – дегені бар.
Нәтижесінде, 40 мың шаршы шақырым болатын теңіз табаны құрғап, қайран Аралдың 4/3-і жоқ болды. Тартыл­ған теңіз құм мен тұз араласқан ондаған миллион тонна шаң түзеді. Адамның қиянаты табиғаттың тылсым мінезі­нен асып кетті. Тартылған теңіз табанынан ұшқан улы тұз­дар төңіректі тіршіліксіз шөлге айналдырып қана қоймай, Қы­зылорда қазақтарын ауру қылды. 90-жылдардың ба­сында әлем ғалымдары Аралдан ұшқан шаң-тұздардың Солтүстік мұзды мұхитқа дейін жетіп, мәңгілік тоң мұздарды еріте бастағанын айтып дабыл қақты.
2005 жылы салынып біткен Көкарал бөгені теріскей Аралдағы су деңгейін 4 метрге көтеріп, жоспарланған 42 метр­лік межеге қол жетті. Тартылған теңіз та­банының 870 шаршы шақырымы қайта суға толды, қазір Арал айдынының беті 3,3 шаршы шақырымды құрайды. Сыр­дың суы теңіздегі тұз мөлшерін азайта бастады. «Судың тұщылана бастағанын кам­бала дейтін балықтың тұрқынан білу­ге болады» дейді мамандар. Тұзды суды жа­ны сүйетін балықтың бұл түрі Аралдың суы сор боп тұрғанда бір сүйемге өсіп кетсе, қа­зір екі қарысқа да жетпейтін көрінеді. Қайықтары қайырлап, немерелері те­ңіз­­ді теледидардан көріп өскен кәрі ба­лық­шылар атакәсіптеріне оралып жатыр. Жергілікті балықшы Серік Сүлейменовтің әкесі кезінде балық кеңшарының маң­дайалды балықшысы болған. Серіктің айтуынша, теріскей Аралда балықтың түрі де, саны да өсіп келеді. Аралдың са­заны мен жайыны туралы естіген ел Ресейдің теңіз жағасындағы Астраханынан ат арытып келетін көрінеді. Сөйтіп, әлем тарихында адам қолымен жоғалған тұң­ғыш теңізді қайта қалпына келтірудің бұ­рын-соңды болмаған ғаламат жобасы іске аса бастады. Ғасыр жобасының екінші кезегінде Дүниежүзілік банктің 250-300 млн долларына Сырдарияның ағысын реттеуді жақсартып, Арал қаласын баяғыдағыдай айлақ-қалаға айналдыру жұмысы тұр. Аралдың суы аттас қалаға бірнеше шақырымға дейін жақындап, айлақ­тан теңізге дейін баратын кеме жүзетін арна салынбақ.
Сырдың суы толығымен теңізге жету үшін оның бойын тазалап, ағу қабілетін арт­тыру қажет. Ақлақ су тоспасы мен Қызылорданың түбіндегі Әйтек нысаны осы мақсатта салынуда. Ақлақ су тоспасы Сыр суының ағуын қазіргі секундына 60 тек­ше метрден 400 текше метрге дейін көбейтпек.
Ақлақ арқылы Сырдария өзенінің ағу қабілеті артады. Жергілікті тұщы көлдер қажет сумен толығады. Құрылыс аяқталса, 20-дан астам елді мекенге су келіп, халықтың тұрмысы жақсарады. Және жылда су тасуынан балықтардың жағаға шығып, қырылып қалуы азаяды. «Көксарай» су реттегіші салынып біткеннен кейін Сыр өлкесінде қыс айларындағы су тасқыны қаупі сейіледі.
Бәрі жақсы, бірақ...
Алайда сол Ақлақ пен Әйтектің құрылысы тым баяу жүріп жатыр. Кей мамандар бұл су тоспаларының Сыр өзенінің ағысын реттейтініне күмәні бар. Олардың айтуынша, Кіші Аралға тұрақты түрде су жетуі үшін кем дегенде 20-дан астам гидронысан салу қажет. Оның үстіне, Шардара су қоймасын күрделі жөндеуден өткізбесе, Сыр суының көбі дамбаның тесіктерінен құмға сіңіп кетуде.
Үлкен Арал сексеуіл тоғайына айналмақ 
Көкарал тұрғызылғалы бері үлкен Аралға мүлдем су келмейтін болды. Құм мен тұз араласқан шаңды дауыл адамның денсаулығын құртып, төңіректегі жерлерді сор тақырға айналдыруда. Ғалымдардың есебінше, қазір 4 млн га теңіз ұлтаны тіршілік атаулыдан жұрдай болған. Тартыл­ған теңіз табанына барсаңыз, өлілердің патшалығына тап болғандай боласыз. Айнала меңіреу тыныштық. Жыбырлаған жәндік жоқ, құстың үні де естілмейді.
Көшкен құм мен тұзды тоқтату үшін бірнеше халықаралық қаржы институт­тарымен бірлесіп, теңіз табанына сексеуіл егу жобалары қолға алынған еді. Бір-екі жыл істеген шетелдіктер қаржымыз жет­пейді деп кетіп қалған. Мемлекет Дү­ниежүзілік банкпен бірлесіп, былтырдан бері Аралдың тартылған табанын игеру­ге қатысты жоспарын жүзеге асыра бас­та­ды. Дегенмен өз еркімен теңіз таба­ны­на сексеуіл егіп келе жатқан жандар ше­неунік­терге қарағанда үлкен іс тындыруда.
Біз болған «Әулиетөбе» шаруа қо­жалығы темір тұлпардың да тұяғы әзер ілінетін шалғайда отырып, сексеуіл кө­шетін өсірумен айналысып келеді. Күзде сексеуілдің тұқымын жинап алған соң, олардан көшет шығарып, артынша те­ңіз­дің құрғап кеткен ұлтанына егеді.
Шаруашылық басшысы Амангелді Есімовтің айтуынша, 2006 жылы 4 гектар, 2007 жылы 2 гектар жерге тұқымбақ ұйымдастырған. Жеті жыл ішінде 10 мың гектар жерге тұқым сеуіп, 4000 гектар жерге сексеуіл көшетін отырғызған.
– Машақаты көп бұл жұмыстың бе­ре­рі де үлкен. Ең алдымен сексеуіл тоғайы құмды тоқтатып, жердің сор тар­туын тежейді, – дейді Қызылорда об­лыс­тық табиғат байлы­ғы мен табиғат пайда­­ла­­ну­ды реттеу басқар­ма­сының ор­ман шаруа­­шы­лығы бөлімінің бастығы Байкен­же Ахметов.
Сексеуіл көбейісімен бұл жерде аң-құс пайда болған. Сексеуілдің көлеңкесін паналап, қояндар, киіктер, қырғауылдар келіп жатыр. Соңғы кездері құландар да көбейіпті. Ал болашақта сексеуіл тоғайы­ның төңірегінде түзілетін шөп-шалғынды жайылым ретінде пайдалануға болады. Қазір 70 мың гектардың үстінде сексеуіл егілген. Тұзды құмға тамыр жайған сексеуіл өсіп-өніп,100 мың гектар алқапқа жетіпті. Алайда тіршіліктен ада 4 миллион жер үшін 100 мың гектар сексеуіл сөз болып па? Жергілікті мамандардың айтуынша, көрші Өзбекстан өз күшімен-ақ біздікінен 3-4 есе көп сексеуіл егеді екен.
Әзірге өткен ғасырдың 60-жыл­да­рын­­дағы Аралды қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан барды қанағат тұтып, со­ның өзін жоғалтып алмауды үйрену керек. Егер Аралға бюджеттің шығын бөлігі ре­тінде ғана қарайтын болсақ, ондағы жо­ба­ларды тек қағаз жүзінде жүзеге асыр­сақ, табиғаттың бергенін бүлдіре берсек, әлем­­нің ең көгілдір теңізі атанған Аралдан бір­жола айырылып қалуымыз да ғажап емес.

Анықтама
Арал теңізінің көлемі 700 мың шар­шы шақырымды құрайды.
Аралдың негізгі су алатын көздері – Сырдария мен Әмудария өзендері.
Арал теңізі барлық Орталық Азия елдерімен шектеседі.
Соңғы 40 жылда Аралдың су кө­лемі 6,5 есеге дейін тартылып кетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста