Ақтауда соңғы 10 жылда болмаған шаңды дауыл тұрды
Бүгін таңертеңнен бастап Ақтауда шаңды дауыл тұрып, қала көшелері көрінбей қалды.
Жел екпіні секундына 25 м/с жеткен. Ауа температурасы 10 градус жылылықтан 1 градус аязға бір-ақ төмендеді. «Осы жағдай 31-ші наурызға дейін сақталады», - дейді Маңғыстау облысындағы гидрометеорология орталығының қызметкерлері. Ал төтенше жағдай мамандары тұрғындарды далада жүргенде ірі ғимараттардан алыстау жүріп, абай болуға шақырады.
Жергілікті халық мұндай шаңды дауылдың соңғы 10 жылда көтерілмегенін айтады. Шаңның қалыңдығынан алдағы 50 метр жер көрінбейді. Тұрғындар есік-терезелерін қымтап, үйінде отыр. Көшеде жүрген жан баласы жоқ, тым-тырыс.
Авторы: Гүлмира Әбішева
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу