Ақмола облысында әйел жаңа туған баласын пешке тастап, өртеп жіберген
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өзінің бұл әрекетін «нәресте тірі емес деп ойлағандықтан, солай істедім» деп түсіндірген. Болған оқиғаны полиция бөліміне аудандық аурухананың акушер-гинекологы хабарлаған.
Дәрігер 26 қаңтарда 1990 жылы туған науқасты тексергенде, ол үш күн бұрын – 23 қаңтарда босанғанын айтқан.
«Ол өздігінен босанған. Өмірге келген сәбиді пешке тастап, өртеп жіберген», - деді құқық қорғау органдары.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Кейінірек егжей-тегжейлі түсініктеме болатынын айтты.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу