Алматылық дәрігерлер жүрек қағысының бұзылуынан өміріне қауіп төнген пациенттерді емдеудің бірегей әдісін қолданысқа енгізді

Алматылық дәрігерлер жүрек қағысының бұзылуынан өміріне қауіп төнген пациенттерді емдеудің бірегей әдісін қолданысқа енгізді

Оңтүстік астанадағы N7 қалалық клиникалық аурухананың аритмологтары жүрек қағысы бұзылған науқастарға кардиомонитор орнатуды қолға алды. Жаңа әдісті аурухананың Интервенциондық кардиохирургия және аритмология бөлімшесінде аритмолог Қанат Ергешев қолданысқа енгізді. Бүгінде жүрек қағысының түрлі ақауларын анықтайтын диагностикалық аппарат клиниканың алғашқы пациенттеріне орнатылды, деп хабарлайды аурухана баспасөз қызметі.

21 жастағы пациент №7 ауруханаға ми айналу, бас ауруы, әлсіздік, есінен айырылу сынды симптомдармен түскен.

Интервенциондық кардиология және аритмология бөлімшесі меңгерушісі Сәкен Анартаевтың айтуынша, бұған дейін пациентті невропатолог мамандар қарап, жүйке жүйесінде ақау жоқ деген шешім шығарыпты. «Пациентті жан-жақты тексердік, холтер қойдық. ЭКГ-холтер зерттеулері де жүрек қағысында айтарлықтай ақау жоқ деген нәтиже берді. Содан соң жүрек ішін электрофизиологиялық зерттеу әдісімен тексердік, ол да ештеңе көрсетпеді. Мұндай жағдайларда пациенттерге Reveal қондырғысын орнатып, үйіне жібереміз, дейді кардиохирург.

«Кардиомонитор терінің астына орнатвлады. Көлемі кішігірім флэш-картадан аспайтын аппарат аурудың жүрек қағысын ұзақ уақыт бойы ЭКГ-мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Имплантты орнату 15 минут қана уақыт алады, операция жергілікті жансыздандыру арқылы жасалады және пациент ауруханада жатпайды. Аппарат жүректің электр импульстарын жазып отырады, аритмолог маман арнайы бағдарлама арқылы жүрек талмасы ұстаған кезде, адам есінен танған сәтте жүрек қағысы қалай бооғанын біліп отырады. Мәлімет қашықтықтан алынады, пациентті ауруханаға алдыртудың қажеті жоқ. Осылайша жүрек қағысын 3 жыл бойы бақылауда ұстай аламыз. Диагноз қойылғаннан кейін аппаратты алып тастау ешбір қиындық тудырмайды. Бұл аппарат күрделі диагноздарды анықтауға, ары қарай емдеу тактикасын айқындауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Сәкен Анартаев.

Айтуынша, жас жігіттердің, мысалы спортшылардың кенеттен өліміне себепкер болып жататын жасырын жүрек дерттерін анықтауға көмектеседі. Reveal аппараты жүрек қағысының белгісіз себептері, есінен танып құлау, түсініксіз себептермен жиі-жиі бас айналуы, жүрек талмасы ұстап есінен айырылу, ара-арасында аз уақытқа ентігу, кеуде қуысының ауыруы, себепсіз шаршау сынды белгілер байқалған пациенттерге орнатылады.

Естеріңізге сала кетсек, жоспарлы емнің барлық түрлері, соның ішінде аталған процедура МӘМС арқылы қаржыландырылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста