Алматыда Sаrbаz Rаce атты әскери-патриоттық бәсеке ұйымдастырылды

Алматыда Sаrbаz Rаce атты әскери-патриоттық бәсеке ұйымдастырылды

Елімізде тұңғыш рет әскери-спорттық патриоттық ойындар өтті. Sаrbаz Rаce деп айдар таққан бәсеке Алматыда ұйымдастырылды. Сайыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Панфилов атындағы 316-атқыштар дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына арналды.

Алғаш рет жалауы желбіреген жарысқа халықаралық мәртебе беріліп, оған елімізден бөлек Польша, Франция және Ресейден де командалар қатысты. Қалың жауған қар мен ауа райының суытуы көпшіліктің көңіліне әсер еткен жоқ. Қыстың қытымыр күніне қарамаған қыз-жігіттер әскери алаңға шығып, спорттық сайыстардың көрігін қыздырды. Жер бауырлап жорғалаған жастар жүгіріп-секіруден де кім мықтыны анықтап, түрлі әскери жаттығулардан жарысқа түсті. Жексенбідегі ойындарға қызу қанды өрімдей жастардан бөлек әскери өмірдің қиындығы мен қызығын көрген тәжірибелі жігіттер де қатысты. Кедергілер арқылы жылдамдыққа жүгіру, гимнастикалық жаттығулар, әскери техника мен қару-жарақты қолдану секілді бағдарламаларда спорттық бабы келіскен, ептілігі мен шеберлігі мықтылар жеңіске жетті. Ең бастысы, жастар әскери қызметтің мәртебесін түсініп, сарбаз болудың қандай екенін сезінді дейді мамандар. Ермұхан Аспамбетов, Қалалық Қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары: - Жастар өз денсаулығының мүмкіндігін тексеріп, күш-қуатының қарымын біліп жүруі керек. Себебі Отаныңды қорғау осындай әскери-спорттық ойындардан басталады. Біздің еліміз аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орын алады. Сондықтан осынау ұлан-байтақ мекенді қорғау – кез келген жастың міндеті. Олар өз отбасы мен Отанын қорғай білу керек. Кристина Новикова, Қалалық Қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: - Іс-шараның ең басты мақсаты – ҚР Қарулы күштерінің қызметін таныту, армия имиджін көтеру және салауатты өмір салтын ұстану. Қазақстандағы спортты насихаттау. Sаrbаz Rаce ойындары ашық сайыс болғандықтан, спорттық жарысқа кез келген адам қатыса алады. Тек қажетті ақпаратпен танысып, сайт арқылы тіркелсеңіз болды. Биыл тұңғыш рет жалауы желбіреген әскери ойындар халықаралық мәртебе алып, Польша, Франция және Ресей елінің де азаматтары қатысты. Абай Абдулазизов, Sarbaz Rase ойындарына қатысушы: - Жүгіруге қар аздап кедергі келтірді. Алайда белгіленген қашықтықты жақсы жүгіріп өттім деп ойлаймын. Академияның базасы керемет екен. Спорттық алаңы көңілден шықты. Ұйымдастырушылар әскери-спорттық ойындарды дәстүрге айналдырып, көктемде қатысушы командалар санын арттыруды жоспарлап отыр. Келесі жарыс әскери полигондарда өтуі мүмкін.

24.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста