Алматыда ірі көлік апатына түскен автобус техникалық тексеруден өтпеген

Алматыда ірі көлік апатына түскен автобус техникалық тексеруден өтпеген

Алматыда ірі көлік апатына түскен автобус техникалық тексеруден өтпепті. Мұны қоғамдық көлік жүргізушісі растап отыр. Айтуынша, №2-ші автопарк иелері күнделікті байқауды тек қағаз жүзінде мөр басып, мақұлдайды екен.

Ал шаһар басшысы апаттан зардап шеккендердің жіті бақылауда болатынын айтты. Тәртіп сақшылары осы іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісі қазір қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр.
Таңертең тексеріп шығарса осындай жағдай болмайды ғой. Құдай сақтап, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетпедім.
Оның сөзінше, 31-ші бағыттағы көлікті тізгіндегеніне 1 ай да болмаған. Осы уақыт аралығында №2 автобус паркінің не механигі, не басшысы бірде-бір рет көлікті техникалық байқаудан өткізбепті. Тіпті күнделікті берілетін жолаушы парағына да мөрді ештеңені тексерместен баса береді екен.
Сондай-ақ, жүргізуші апат кезінде автобусты алдынан шыққан жүк көлігіне әдейі соққанын айтады. Себебі, тежегіші істен шыққан темір тұлпарды тоқтатудың басқа амалы қалмапты.

"Таңертең тексеріп шығарса осындай жағдай болмайды ғой. Құдай сақтап, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетпедім. Бірақ 9 көліктің бәрін сыпырдым, соғып тастадым. Бәрі тұрақта тұр еді. Басқа лаж жоқ. Қарсы бетке шыға алмадым. Шықсам, автобус ішіндегілер зардап шегуі мүмкін еді ғой. Амал жоқ соқтым. Тоқтамайды машина. Не істеймін? Адам қаққанша, өзім зардап шегейін дедім", - деді автобус жүргізушісі Жәңгір Баукашев.
Дәрігерлердің сөзінше, жүргізушінің аяқ-қолы сынып, басынан соққы алған. Қазір жағдайы орташа. Сондықтан ауруханада 12 күн жатуы мүмкін. Ал, осы көлікте болған 3 жасөспірім, балалар ауруханасына жеткізілген.
"Олардың да жағдайы қалыпты", - дейді ақ халаттылар. Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күні №2 автобус паркіне тиесілі қоғамдық көлік ірі жол апатына ұшыраған еді. Оқыс оқиға түс кезінде "Қазақфильм" шағын ауданында болған. Есенәлиев көшесімен төмен бағытта қозғалған №31 автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, алдымен жол жиегінде тұрған 8 көлікті, кейін қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 көлікті соғады.
Сондай-ақ, жолдың шетінде тұрған 44 жастағы ер адамды қағып кеткен. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиғадағы кінәлі азамат бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
"Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жаңа кодекстің 315 бабы бойынша болады. Сондай-ақ сот алды сараптамалар жұмысы әзірленуде. Барлық жайт тергеу нәтижесінде белгілі болады", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Ірі жол апатына қатысты қалалық әкімдікте шұғыл жиын өттті. Шаһар басшысы қарамағындағы қызметкерлерге, жәбірленушілердің жай-күйін жіті бақылауды тапсырды. Енді 31-ші бағытта жолаушы тасыйтын автопарк лицензиясынан айырылуы мүмкін.
Тексеруден өтпей, автобустарының жағдайы нашарлайтын болса, бағытын ғана емес, жалпы жолаушы тасу құқығынан айыру керек.
"Автобус паркі басшыларымен жиын өткізіңдер. Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын бақылауды күшейту қажет. Тексеруден өтпей, автобустарының жағдайы нашарлайтын болса, бағытын ғана емес, жалпы жолаушы тасу құқығынан айыру керек. Осы жайттың барлығы тендерлік байқаудың шарттарында жазылуы тиіс", - деді Ахметжан Есімов.
Тағы бір айта кетері, автобус қиратып өткен 10 жеңіл көлік пен бір жүк машинасының иелері тәртіп сақшыларына арызданбады. Алайда келген шығынды, сақтандыру мекесі мен №2-ші автобус паркі өтеуі мүмкін. Ал тәртіп сақшылары қоғамдық көлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізетіндердін ісін майшаммен қарамақ.

Алматы ТВ

Nur.kz сайтынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста