Алматы облысында ер адам төбелес кезінде танысын өлтіріп алды

Алматы облысында ер адам төбелес кезінде танысын өлтіріп алды

Қонаев қаласында ауыр жарақат алған 52 жастағы ер адам жергілікті ауруханаға жеткізілді. Полиция тергеу шараларын қолға алып, жәбірленушінің мас күйде жергілікті тұрғындардың бірімен төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. 32 жастағы ер адам бір күн бұрын жәбірленушімен бірге дастарқандас болып, ащы сусыннан алған соң төбелескенін мойындады.

Ұсталған азамат жәбірленушіге екі ұялы телефонын ұрлады деп күдік келтіргенін айтты. Осыған байланысты екеуінің арасында жанжал басталып, ақыры кісі өлімімен аяқталған.

«Күдікті қамауға алынды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеу амалдары қолға алынды», - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста