Айсұлтан Назарбаев қызына қандай есім бергенін жариялады
Қазақстан Республикасы Президентінің жиен немересі Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бір ай бұрын дүниеге келген қызының есімін жариялап, атасы - Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтаған.
«Достар, сіздерге алғыс айтқым келеді. Қызымның дүниеге келуі - біз үшін ең тамаша қуаныш болды. Маған тілек білдіре отырып, ол қуанышымды еселей түстіңіздер. Көп адам қызыма қандай ат қойғанымызды сұраған еді. Біздің жасырар құпиямыз жоқ. Біздің сұлу қызымыздыңи есімі - Амели Назарбаева»,-деп жазған А.Назарбаев.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтаған.
«Бүгін біз үшін өте ерекше қуанышты күн - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні. Жасыратын несі бар, кеудемді ерекше қуаныш билейді. Бір жағынан бұл эмоцияны түсіндіру оңай шығар - мен Президенттің немересімін. Екінші жағынан мен өз елімнің азаматымын, Қазақстанның ұлымын. Ата, Сізді туған күніңізбен құттықтаймын!
Сізге зор денсаулық тілеймін. Алла-Тағала Сізге ең ұзақ өмір берсін!» - деген А.Назарбаев.