Әйел сарапшылар кәсіпқойлардың өсуіне үлес қосуда
Қазақстанда адамдардың көбі өзінің кәсіби дамуына – тұрақты оқытуға, біліктілігін арттыруға көңіл бөледі. Осыған байланысты үздік, жоғары мамандандырылған жаттықтырушылар мен оқытушыларға қажеттілік туындайды.
Нарықтағы ең үздік 100-ден астам дәріскер-сарапшылармен – ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының (ПІБ) ведомстволық қарасты ұйымы – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ынтымақтасуда.
Олардың жартысынан көбі әйелдер екенін атап өткен жөн. Әйел сарапшылардың кәсіпқойлардың дамуына қалай көмектесетіні туралы үш жарқын мысалмен бөлісеміз.
Кез-келген еңбек жанжалын шеше алатын сарапшы. Бибігүл Нұрашева
МТАЖО-да оқытуларды жүргізетін ең құрметті сарапшылардың бірі – Бибігүл Нұрашева, өзінің сараптамасы және осы саладағы 17 жылдан астам тәжірибесімен танымал нәзік әйел және көпбалалы ана. Доктор Ph.D, МВА доценті.
Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы және «Academy of labour relations» бас директоры болып табылады.
Бибігүл Нұрашева ұжымдық еңбек дауларын шешуде жиі делдал, еңбек төрешісі рөлін атқарады. Сонымен қатар, ол ICBT халықаралық мектебінің сертификатталған бизнес-жаттықтырушысы және ACC ICF жаттықтырушысы, оған қоса «Кәсіподақтар: теория және практика» монографиясының, 50-ден астам ғылыми-практикалық жарияланымдардың авторы.
МТАЖО-да ол еңбек қатынастары туралы білімімен бөліседі: еңбек заңнамасының егжей-тегжейін ашады, еңбек дауларын шешуге үйретеді, сонымен қатар орталықтың жаттықтырушыларын арнайы бағдарлама бойынша дамытады.
HR туралы барлығын білетін сарапшы. Олеся Куур
Тағы бір өз саласында танымал, персоналды басқаруда 18 жылдық тәжірибесі бар МТАЖО жаттықтырушысы – Олеся Куур.
Сарапшы коммерциялық ұйымдарда персоналды дамыту, кадрлық әкімшілендіру, әскери есепке алу мәселелері бойынша тәуелсіз кеңесші және жаттықтырушы болып табылады.
Ол, мысалы, компанияда ішкі оқу орталығын қалай құру керектігін жақсы біледі, жеке және корпоративтік оқыту бағдарламаларын әзірлеумен, басқа қалаларда филиалдары бар компанияларда қашықтықтан оқытуды ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу, ынталандыру және бағалаудың тиімді жүйелерін құрудың қыр-сырын біледі.
Ол сондай-ақ «Іс жүргізу. Құжаттаудың жаңа ережелері», сондай-ақ кәсіби БАҚ-тағы мақалалардың авторы: «Кадрлар және іс жүргізу», «Кадрлар анықтамалығы» және басқалар.
МТАЖО-да Олеся Куур персоналды басқару бойынша тренингтерді жүргізеді. Жақында ол ҚР ПІБ жүйесінің барлық HR-мамандары үшін «HR: міндеттері мен құзыреттері» тақырыбында тренинг өткізді.
«Жұмсақ дағдыларды» дамытуға көмектесетін сарапшы. Эльмира Абайдильдинова
Негізінен МТАЖО тар мамандандырылған білім береді, алайда оған қоса «икемді дағдыларды» (soft skills) да дамытатын тренингтер өткізеді. Linkedin есебіне сәйкес, жұмыс берушілердің 92 %-ы икемді дағдыларды техникалық дағдылардан гөрі маңызды деп санайды. Осыған байланысты МТАЖО-да, мысалы, эмоционалды интеллект танымал.
Сондықтан қазақстандық мамандардың дамуына үлес қосатын белсенді және іскер әйел-кәсіпқойдың үшінші жарқын мысалы эмоционалды интеллектті дамытудың сертификатталған жаттықтырушысы (EACEIP) және Erickson International кәсіби жаттықтырушысы – Эльмира Абайдильдинова.
Сарапшы Йель университеті профессорларының тұжырымдамасы бойынша сабақ береді, эмоционалды интеллекттің даму деңгейін анықтау бойынша тесттерді түсіндіруде көп жылдық тәжірибесі бар және «emotionALL» жобасының негізін қалаушы және жетекшісі болып табылады.
Бұл әлдеқашан өз ісінің кәсіпқойлары болып табылатын, бірақ МТАЖО-да үздіксіз біліктілікті арттыруға және құзіреттерін кеңейтуге ұмтылатын жүздеген адамдар үшін білім мен даму әлеміне әйел сарапшылардың жолсерік болуының бірнеше мысалдары ғана.