Абайды «жер аударған» қандай әкім?

Абайды «жер аударған» қандай әкім?

Ескерткіштің қазіргі күйі                       Абай ескерткіші осындай болған

Қарағандының іргесіндегі Абай атамыздың есімін 50 жыл бұрын алған шағын қалашық биыл жартығасырлық тойын тойламақшы. Данышпан ақын есімін иеленген кент осы тойға сай жаңарып, жасару жолында болса керек-ті. Жаңалықтың көкесі қала төріндегі ақын ескерткішін тағынан тайдырудан басталған тәрізді. Орнатылғанына кемі 40 жыл болған ұлы Абайдың қаладағы жалғыз ескерткішін ел аман, жұрт тынышта орнынан алып тастап, елеусіз бір жаққа «жер аударып» жіберу аудан әкімі Еркебұлан Нашаровқа не үшін керек болды екен?
Газетіміздің осы аудандағы оқырмандарының бірі осы жайтқа байланысты бізге хабарласып, ашына айтқан сөздерінен соң, Абай қаласына арнайы барып, кент орталығында мынадай көрініске тап болдық. Кентке келген қонақ атаулының көзіне бірден түсетін осынау ескерткіш Абай даңғылының ұшталар тұсында қасқайып тұратын. Қара таспен қапталған тұғырымен қоса өлшегенде, 4 метрдей болатын ескерткіштің ор­нын­да оқ жыланның басындай қақиып, үш темір қазық тұр. «Бұл неғылған темір?» деп, ескерткіш орна­ласқан маңға жақын барып, тып-типыл болған алаң­қай­дың қыр желкесіндегі баннерге көз салдық. Сөйт­сек, ақын ескерткіші орналасқан орынға жақын бола­шақ­та үш ақ боз аттың мүсіні қойылады екен. Әлгі үш қазық сол тұлпарларды тұрғызатын тұғыр болса керек. Баннерде былай жазылған: «Саяжолды абаттандыру. Тапсырыс беруші «Абай қ. әкімінің аппараты» ММ. Бас мердігер – «Жігер-2004» КМК. Жұмыстың басталуы – 2011 ж. 15 сәуір. Жұмыстың аяқталуы – 2011 ж. 30 маусым. Мекенжайы: Абай көшесі». Біздің түсінгеніміз – «Юбилейный» кинотеатры тұсынан басталып, аудан, әрі қала әкімдігі ғимаратына тірелетін осынау саяжолды абаттандыру үшін Абай ескерткіші кедергі келтіретін тәрізді. Керісінше, ақын ескерткішінің орнына тебісіп тұрған үш аттың мүсіні орналасса, саяжол абаттанып кетеді екен! Түсінбегеніміз – үш ат, арқырап, аспанға сес көрсеткен үш жабайы ат дәл осы жерге не үшін керек? Қандай мағына береді? Абай ақынның ескерт­кіші тұрған орынды жергілікті әкімдік неге қалады? Әлде, әлгі аттарға қалада басқа орын жоқ па?
Осындай шешім әлегімен жылы орнын суытқан Абай ақын ескерткіші қазақ мектебінің ауласына қоныс аударыпты. Сонадайдан көзге түсті. Тұғыртасына орналастырылмаса да, 2,5 метрдей болатын мүсін шүберекке оралып, теріс қарап тұр. Қос қолын қайырып, басына қап кигізіп, гильотинаға, басын шабуға жіберілген қылмыскер тәрізді боп елестеп кетті. Жақындап келіп, арқанмен шандылған ескерткішті қаптаған шүберектің шетін түріп қарасақ, кранмен көтерген тасымалдаушылар ақынның алдыға қу­сыра кітап ұстаған қалыпта сомдалған қолына зақым келтіріпті. Сол жақ бүйірі де зақымдалған тәрізді. Ескерткіштің жоғарғы бөлігін ашып қарауға жүрегіміз дауаламады. Тірлігінде надан тұстастары басына үйірген қамшының табындай тыртық заман ауы­сып кеп, ескерткіштің сом қалпында таң­баланып тұрса, қайтер едік?!
Сәуір басында қала шетіндегі шағын мектеп ауласына «жер аударылған» ескерткіш енді қанша уақыт шүберек жамылып тұрады екен? Жергілікті әкімдіктің оны қайыра орнына апарып қоймасы – анық. Орнына апармақ тұрсын, жаңа орнына салтанатты түрде орналастыратынына да күмән бар тәрізді. Ал шағын мектептің ұжымы алдағы науқандық қарбаласпен жүріп, ескерткіш орналастыруға шамасы келмейтіні екібастан белгілі.

Түлкібай ТӨЛЕУОВ, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау мемлекеттік инспекциясының директоры:
– Бірден айтуымыз керек, Абай қаласындағы ақын ескерткіші бетоннан құйылған. Тарихи-мәдени мұраны қорғау инспекциясында арнайы тізімге алынбаған. Бұл жерде ешқандай заңбұзушылық жоқ...

Сәбит ОСПАНОВ, Абай қаласының әкімі:
– Абай ескерткішінің орнын ауыстырмақ болғанымызға ең алдымен ақын мүсінінің өте тар жерде, жолдың қиылысында орналасуы себеп болып тұр. Жаңбырлы күні осы тұстан өткен көлік атаулы ескерткішке батпақ шашып, таза өңін алып бітеді. Ал қазір ол жерге үш тұлпардың бейнесі қойылады деп шешілген. Үш тұлпар – аспанға ұмтылған асаулар – дамудың, екпіндей асқақтаудың символы. Абай ескерткіші болса, сол мектептің ауласына орнатылады. Ал әкімдік ғимаратының қарсысына – «Ойшыл» деген атпен басқа ескерткіш тұрғызылады деп жоспарлануда. Осы ескерткіштер ашылар қарсаңда, сіздерді шақырамыз, келіп көріңіздер...

Гүлбақыт ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, Абай қаласының тұрғыны:
– Бұл не, құрмет пе, мазақ па? Данышпан Абайдың ескерткішін қаладағы қазақ мектебінің ауласына апарып тастапты. Әу баста кранмен орнынан жұлып алып, мектеп ауласына сұлатып тастаған екен. Кейін мұғалімдер, оқушылар бойын тіктеп қойса керек. Бір айдан астам уақыт өтті, данышпан ақынның тас мүсіні шүберекке оралған қалпы мектеп ауласында «қара жамылып» тұр... Бәрінен де жанымызға батып отырғаны, ақын бабамыздың ескерткішін орнынан кенеттен жұлып алып тастамай, ақыры алатын болған соң, әуелі орналастыратын орнын баптап, сол қалпында, бұзбай апарып қою керек еді. 40 жыл тұрған ескерткіш кенет атамыз атын алған қалаға жат болып шыға келді. Жақында қалада облыстық «Абай оқулары» өтті, сырттан келген қонақтар Абай ескерткішіне гүл қоятын дәстүр бар еді. Ол да атқарылмады. Абайды қашанғы қорлаймыз?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста