31 наурызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек елдің оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерінде ауа-райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман болып, желдің күшейуі күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-22 м/с болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с жылдамдықпен соғады, шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады.