- 30 °C: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, солтүстік-батыс антициклоны елімізге аяз алып келеді.
"Қазгидромет" РМК:
– Ойысып бара жатқан антициклонның лебі еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында әлі де сезіледі, -20 градусқа дейін аяз сақталады, кей жерлерде сынап бағаны -25°C, -30°C дейін төмендейді. 12 қаңтарда солтүстік және оңтүстік циклондар өзімен бірге қар мен боранды алып келіп, ауа температурасын уақытша арттырады, алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклоны төбе көрсетіп, ол қайтадан аяз тудырады, сәйкесінше солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында -30 ° C дейін аяз болады деп болжанады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) орын алады, тұман, көктайғақ болады, желдің күшейіп, сондай-ақ ауа температурасы +2 ...+10°C дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.