107 жастағы әже пәтер жалдап тұрады

107 жастағы әже пәтер жалдап тұрады

Қызылорда қаласының тұрғыны Қызылгүл Боранбаева биыл 107-шi көктемiн қарсы алды.
Екi ғасырдың куәсi болған қария Өзбекстанда туып-өскен. Сонда еңбек майданына қызу араласты. Жұмысты таңдаған жоқ. Несiбе бұйырған кәсiптiң жемiсiн жедi. Осыдан бес жыл бұрын атамекенге аяқ басты. Сол кездiң өзiнде 102 жасқа келген сүйегi асыл әже алыс жолды елең етпестен елге жеткенше асықты. Құрсағынан өрбiген ұрпағына әрдайым ақыл-кеңесiн аямайды. «Туған жердiң ауасымен тыныстағанға жететiн ештеңе жоқ», – дейдi қария өз өмiрiне тәубе етiп.
Қызылгүл әжей қазiр Қызылорда қаласындағы Скатков көшесiнде кiшi ұлы Рүстем мен келiнi Әсемнiң қолында тұрады. Әзiрге бұл отбасы 30 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұрады екен. Апамыз әлi тың. Күнделiктi жаңалықтарды қалт жiбермейдi. Елiмiзде болып жатқан жайлардан толық хабардар.
Жалпы, Сыр өңiрiнде шөпшегiнiң қолынан май жеген бақытты әжелер саны – 22. Экологиялық ауыр жағдайды бастан кешiрiп отырған өңiр үшiн осының өзi таңсық жағдай. Тағы бiр таңғаларлығы, олардың 12-сi табанынан суы тартылған теңiз жағасындағы Арал және Қазалы аудандарында тұрады. Олар өздерiнiң ғасырдан астам ғұмыр кешкенiн өмiр бойы қымыран iшiп келе жатқанымен байланыстырады. Өйткенi аталған аудандардың тұрғындары негiзiнен түйе өсiрумен айналысады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста