Алаш ақыны
Қадыр Мырза Әли: Егіліп жыламайды ешкімді ұқпағандар...
Білмейміз өлгендерді,
Бір белгі қалмаған соң;
Айтпаймыз сөнгендерді,
Алаулап жанбаған соң.
Оңайгүл Тұржан: Бөрілердің бесік жырын естимін...
Жылдар мынау – жасыңды санай келген.
Күндер мынау – боз қырау самай берген,
Көңіл мынау – жастық шақ келер ме деп,
Жүз бұрылып артына қарай берген.
Жүрсін Ерман: Тасмаңдайдан тағдырды жасқанбай ұр...
ІЗДЕУ САЛУ
Жеткіземіз деп жүріп жолдарды Айға,
Жиреншені,
Алмаймыз Алдарды ойға.
Шырт түкіріп, шақшасын қағып қойып,
Қабағымен ықтырар шалдар қайда?
Күләш Ахметова: Көк көйлекті қыз есіңде болсыншы…
Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?
Торғын Тұрлыбаева: Зулайды күндер ішіне бүгіп бар сырын...
АНА
Бұл пәниде бағаңды артық етті Алла,
Дүрия-дәурен дүрмегі озып кетті алға.
Аңқылдайсың ойлап арғы-бергіні,
Ана, сенің пейіліңде шек бар ма?
Мұрат Шаймаран: Патша тәжіне саңғыған құстың қанатындағы, Өлең ...
Жалаңаш жалаулар, ұрда-жық ұрандар,
және де тұмандар,
тұмандар – Күмәндар.
Шаң басқан балағын шәкене Қазақтар,
Ғаламның сиқырын білетін Сығандар.
Есенбай Дүйсенбаевтың эпиграммалары
Әбіш Кекілбаевқа
Жапырақ төгіп күрең бет күз,
Жанып-сөну ізі міне...
Елу жылда бір енбеппіз
Ең болмаса тізіміңе.
Сабыр Адай: Елім деген сөзді айта алмай тарықтық ...
Елге еңбек ете алмадық қарық қып,
Елім деген сөзді айта алмай тарықтық.
Абайламай
Жазып қалсаң дұрыс сөз,
«Жақсы адам,— деп,— жүрмеңіздер жарықтық».
Дәуітәлі Стамбеков. Жігіт еркін болмаса жігіт пе екен...
Жап-жассың сен,
Әрі сондай сұлусың,
Сұлуларға жақсы жүріп тұру сын.
Жұрт та сені ішіп-жейді көзімен,
Солар сені арбап жүр-ау, сөзімен.
Әбубәкір Қайран: Ар тұтам Ару – Ананы...
Болса дағы қаталдықтың, қаскөйліктің бейнесі,
Қасқыр болып ойланамын кейде осы.
Қақпан қауып, сирағымды шорт кесіп,
Жүрсем егер тағдырыммен кектесіп
Марат Отарәлиев: Өлең болып жапырақтар сөйлеген...
Кеудеңде тоғай сөйлеп, бұлақ ағып,
Жылжыды қанша ғасыр, жыл ағарып.
Жасыл жер, тыңда, бүгін жыр оқиды
Төсіңде бір ерке ұлың тұра қалып.
Әбілдә Аймақ: АҚ ҚАРҒА ЖАЗДЫМ АТЫҢДЫ...
Көрсе де анаң жүзіңнен ой тұнғанын,
Келмеді ме мен жайлы айтуға әлің.
Кібіртіктеп текемет түрін түртіп,
Көңіліңде қалықтап айтулы әнің.
Тұрдықан Айдарханұлы: Адамның тағдыры ғажап-ақ, Тәңірдің ойыншығындай...
Ару өлең жазайын күміс білек,
Ақ махаббат жүрекке тыныштық ек.
Қойлы ауылдың отындай жылтырасын,
Күміс ойым түндерді тіміскілеп.
Сайлаубай Тойлыбаев: Байлауы болған бағымның, тағдырға тәлкек шағындым...
Бірлігім мен елдігімді сақтаған,
Сені көрсем, рухтанам, шаттанам!
Желбіреген көгімізде мәігілік,
Қазағымның көк туымен мақтанам!
Жүсіп Қыдыров: Мен таусыла сөйлесем кінәлама...
Не десе жұрт, о десін, айқын маған:
Жердің сырын толықсып Ай тыңдаған:
Сен де, сәулем, тыңдашы, бір сырым бар
Бұрын-соңды өзіңе айтылмаған!
Өртенбесе бұл жүрек алқынбаған,
Сақылдаған ыстық қан салқындаған.
Ай қабағым, тыңдашы, бір сөзім бар
Бұрын-соңды ө
Есенқұл Жақыпбеков: Ей, өмір-ай, барға да арман, жоққа арман...
Өмір, өмір
Жоққа да арман, барға арман
Қайран күндер әр нәрсеге қор болған.
Құтыла алмай джунгли орманнан
Құтыла алмай ормандағы аңдардан,
Аңдар сол бір ойлап тапқан заңдардан
Өте шығар болдық ақыр жалғаннан.
Жұматай Жақыпбаев: Қалың ел сені ардақтап, қарсы алса деп ем гүлменен...
Бүгін Қазақтың біртуар ақыны Жұматай Жақыпбаевтың туған күні!
Жұматай Сағадиұлы Жақыпбаев 1945 жылдың 30 қаңтарында Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлек
Нұржан Қуантайұлы: Көзінен мөлт етіп бір жұлдыз аққанда...
...Дыбыс қалғып, маң бозарып,
Солық басып көлеңке,
Сап тыйылып даңғазалық,
Сабыр тапты кең өлке.
Нұрлан Мәукенұлы: Маңдайыңа жазғанын көрерсiң де…
Тiрiнiң қамын тiрi жер,
Тiрiлер бiрiн бiрi жер.
Тiрлiкте қашқан қадiрiң
Өлгенде ғана бiлiнер.
Өлiнiң қамын тiрi жер,
Жоқтауын салып жүгiнер.
Жоғалтып алған асылы
Айрылғанда бiлiнер.
Байыт Қабанұлы. Қайтсем екен пешенеме жазылмаған періштем...
Керек бізге:
Арқыратып тұлпар мініп,
желбіретіп ту алатын жігіттер,
Жасып кеткен жігерлерді,
жүзді алмас қып суаратын жігіттер,
Ел жерінің намысы үшін қатерге де ,
мен барам деп сұранатын жігіттер,
Жан берсе де қайта айланбай,
айтқанында тұра алат