"Тірі қалу үшін өз зәрімді ішуге тура келді"

"Тірі қалу үшін өз зәрімді ішуге тура келді"

Сирия мен Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 мыңнан асады. Құтқарушылар тұрғындарды аман алып алу үшін үйінділерден іздеуді жалғастыруда. 17 ақпанда Кахраман-мараш қаласында он күннен кейін 17 жастағы қыз табылды. Алейна Олмез бүгінгі күнге дейін қирандыларының астында жатқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Антакияда 13 жасар бала үйінділер астында 9,5 күн жатқан. Ол еш нәр татпай, тамақ және сусыз күн өткізді. Элла есімді әйел мен оның екі баласы да сондай уақыт қиранды астында жатты. Қуанышқа орай, олар аман-есен құтқарылды. 

"Қирандылардың астына көмілгенім есімде. Барлық жерде қараңғы. Қараңғы болғаны сонша, өз денемді де көре алмадым. Айқайлап, көмекке шақырдым, бірақ жақын жерде ешкім болмады. Біздің ғимарат 15 қабатты еді. Қирандылардың үстіндегі дыбыстарды естігенде біраз жеңілдік сезіндім. Ұзақ уақыт бойы айқайлағанымнан тамағым ісіп кетті", – деді Антакия тұрғыны Гусейн Бербер.

62 жастағы Гусейн Бербер болған болған жағдайды құлықсыз еске алды. Екінші сілкіністе ол тұрған ғимараттың төбесі құлап, содан кейін қабырғалары сынған. Үйінділердің астында қалған ол шығуға тырысқан, содан кейін суықтан қорғану үшін кілемге оранды. Алайда оның дерті болғандықтан, жағдай қиындады.

"Қант диабетімен ауыратындықтан, әрқашан дәрі-дәрмек, бөтелке суды алып жүремін. Бірақ бірнеше уақыттан кейін бәрі бітті. Шөлімді қандыру керек еді. Сол үшін бөтелкеге зәр шығаруға тура келді. Шөл қысқан уақытта соны ішіп, өзімді құтқардым", – деді ол.

Гусейн Бербердің оқиғасы баршаны таңғалдырды, тіпті дәрігерлер пікір білдірді. 

"Өзін осылай құтқарған адамдар туралы хабарламалар бар. Бірақ уақыт өте келе сіз одан сайын шөлдеп, құрғап бара жатқаныңызды байқайсыз, ал зәр концентрациясы қоюлана бастайды. Ондағы судың нақты мөлшері уақыт өте келе азаяды. Құрғаған сәтте сізден зәр де шықпай қалады", – деп мәлімдеді "шекарасыз дәрігерлер" ұйымының хирургия бойынша кеңесшісі Мохана Амиртараджа.

Сирияда 6 ақпанда 61 жастағы Духа Нурулла мен оның отбасы бетон астында қалып қойды. Онда Духа мен ұлы ғана тірі қалып, көмек күткен. Құтқарушылар оларды бес күннен кейін тапты.
"Қызыма жер сілкінісі басталғанын айттым. Ол қашып кетуге тырысты, бірақ ғимарат құлай бастады. Оның үстіне тастар құлап, сол жерде көз жұмды. Ұлым екеуміз тірі қалдық. Бірақ тұзаққа түсіп, қозғала алмадық. Тамақ та, су да болған жоқ. Көмекке шақырып, дұға еттік”, – деді Духа Нурулла.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сирияны, дәлірек айтсақ, елдің солтүстік-батысын ең алаңдаушылық туғызған аймақ деп атады.

"Онда медициналық қызметтер жұмыс істейді, зардап шеккендерге көңіл бөлінуде. Сирияда он жылдан бері соғыс жүріп жатқанын ескеруіміз керек. Олардың денсаулық сақтау жүйесі әлсіз. Адамдар тозаққа түскендей азап шекті. Халық физикалық және психологиялық күйзеліске ұшырауда, – деді ДДҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Майк Райан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста