Хирургтер мен инженерлер ми имплантын, жасанды зердені және электрмен ынталандыру технологиясын пайдалана отырып, «қос нейронды маневр» әдісін ойлап тапты. Аталмыш технология көмегімен сал болып қалған адамның қолын қимылға келтіріп, сезімталдығын қалпына келтірген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында Іslam.kz тілшісі hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
2020 жылдың жазында жазатайым оқиғадан омыртқасын зақымдап алған Кит Томас есімді азамат кеудеден төмен сал болып қалған еді. Northwell Health Фейнштейн медициналық зерттеу институтының ғалымдары, инженерлері және хирургтары тобы жаңа тәсіл қолданып, науқастың сезімталдығы мен қимыл-қозғалысын қалпына келтірді.
15 сағатқа созылған ота кезінде пацменттің миына бес микрочип орнатылды. Ол ойды әрекетке айналдыратын жасанды зерде технологиясын пайдаланады.
Бұдан бөлек, қимыл-қозғалысты қалпына келтіру үшін ми мен жұлынды ынталандырады.
Мәселен, Кит Томас қандай да бір қимыл жасағысы келсе, ерекше қажеттілігі бар жанның ойын электрлік сигналдардың құпиясын компьютер шешіп (анықтап), омыртқа мен білек бұлшықеттеріне орналастырылған икемді, инвазивті емес электродтарға сигналдар жібереді. Осылайша науқс қолын қимылға келтіре алады.
Саусақ ұштары мен алақандағы сенсорлар оның миына жанасу және қысым туралы ақпаратты жібереді, бұл ақпаратты сезім ретінде тіркейді.
Бұл бағыттағы тәжірибе басталғалы бері Кит Томастың қол қуаты екі есеге артқан.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz