Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында Отырар ауданында біршама жұмыстар атқарылуда, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Оқыту саласы бойынша «Тілдердің үштұғырлығына» байланысты "Тілдерді оқыту және дамыту" орталығында үш тілді оқытуға арнайы сабақ кестесі құрылып, сабақ жүйелі түрде жүргізілуде. Өткен жылы қазақ тілінен жыл басынан 9 топтан 121 тыңдаушы курс аяқтап, сертификат беріліпті. Оның ішінде – 22 мемлекеттік қызметкерлер, қалғаны -99 бюджет саласында жұмыс жасайтындар. Ал орыс тілінен жыл басынан 8 топтан 120 тыңдаушы курс аяқтап, сертификат берілген. Оның ішінде -32 мемлекеттік қызметкер, қалғаны -88 бюджет саласында қызмет жасайтындар. Сондай-ақ ағылшын тілінен жыл басынан 17 топтан 198 тыңдаушы курс аяқтап, көкжиегін кеңейткен.
Жалпы үш тілден қазіргі таңда 439 тыңдаушы курс аяқтап, арнайы үлгідегі сертификаттар берілді. Оның ішінде - 80 мемлекеттік қызметкерлер, қалғаны - 359 бюджет саласында жұмыс жасайтындар. Биылғы жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен 440 тыңдаушы оқытылуда. Отырар ауданы бойынша жалпы 54 170 халық тұрады. Оның 53746 немесе 99,26 пайызы қазақтар, 259 орыстар, 23 әзірбайжандар, 39 татарлар, 1 кәріс, 6 украйн, 2 күрділер, 1 неміс, 3 ұйғыр, 65 парсы, 3 қырғыз, 4 өзбек т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың саны – 30170 (100%). Аудан бойынша орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың саны – 15500 (51%). Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар саны – 2000 (3,4%). Аудан бойынша үш тілді меңгерген тұрғындар үлесі 2,6% көрсеткішті көрсетіп отыр.
Үштұғырлы тіл - заман талабы
Последние статьи автора