Туризм саласындағы қауымдастықтардың жаңа бірлестігі құрылды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» заңына сәйкес туристік саладағы ірі қауымдастықтардың біріккенін мәлімдеді. Заңды мекенжайы Алматы қаласында орналасқан.
Қазақстан туристік қауымдастығы «Астаналық туризм қауымдастығы» ЗТБ мен «Туризм индустриясының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, «Қазақстанның өзін-өзі реттейтін туристік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігін құрды. Бірлескен жаңа қауымдастықтың басшысы – Рашида Шайкенова.