Талдықорғанда 16 қабатты «Көктем Grand» қонақ үй кешені ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында жаңа талапқа сай қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Қаланың оңтүстік-батыс ауданында орналасқан 16 қабатты «Көктем Гранд» көпсалалы қонақ үй кешені жеке инвестордың қаржысына салынып, мұнда қонақ үй және бизнес орталық қызметі қатар ұсынылмақ, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ашылып отырған Талдықорған қаласындағы «Гранд Коктем» қонақ үй кешені қаладағы ең заманауи, соңғы үлгідегі, жоғары класты кешен болғалы отыр. Астанада өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты жоғары деңгейдегі қолайлы жағдай қарастырылған қонақ үйлерге деген қажеттілік өсіп отыр. Шетелдік туристерге ұсынылған нысандар тізімінде Алматы облысының да көрнекті орындары енгізілген. Туристік сала өңірдегі ең маңызды салаға айналып келеді. Сондықтан облыс орталығы Талдықорған қаласын көркейте түсу – біздің басты мақсатымыз. «Көктем Гранд» қонақ үй кешені жеке инвестицияға салынған, ортақ іске өз үлесін қосып, Талдықорғанның тартымды қала болуына атсалысады деп сенемін, - деді өз сөзінде А. Баталов.
Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін шашу шашылып, жиналғандар нысанды аралап көрді.
Жалпы, бұл қонақ үй кешені түрлі көлем мен кесіндегі үш блоктан тұрады. Қонақ үйлік нөмірлер ғимараттың бес қабатында. Ал 3-тен 10-қабатқа дейін бизнес орталықтың кеңселері. Сол сияқты қонақ үй кешенінде мәжіліс залы, мейрамхана кешені мен салтанат залы, бассейні бар фитнес орталық, тренажерлық және қонақ залдары бар.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста