Талантты жастарымыз жаттың жетегінде кетпесін десек, көңіл бөлейік!

Қазақ қоғамында проблема көп емес шығар, бірақ жоқ та емес. Ол – дін проблемасы. Дін біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемге әсер беріп тұр. Ықпалды күштер ислам дінін теріс көрсетіп, қаралап бағуда.

«Исламдық терроризм, исламдық экстремизм» деген тіркестер пайда болды. Ақиқатында терроризмнің, экстремизмнің исламға қатысы жоқ. Ислам – мейірім діні. Исламда қиянат, зорлық, жалпы зиянды нәрсе жоқ болса да, жаһан дәуіріндегі түрлі технологиялық жолдармен ислам дініне күдік, күмән келтіріп, мұсылмандықты қорқынышты дінге айналдырудың ар жағында үлкен саясат жатыр.

Еліміздегі діни жат ағымдардың, секталардың пайда болуы сол жымысқы саясаттың «жемісі» деуге болады. Небір қаракөз қандастарымыз арбау мен алдау құрбанына айналып жатқаны жасырын емес. Әрине, қол қусырып отыра алмаймыз. Осындай қауіптің алдын алу, ақпараттық кеңістікте жалған мәліметтердің ақ-қарасын ажыратып беру – мемлекеттің міндеті. Әсіресе, жастарды мұндай қауіптен сақтау – басты борыш деп ойлаймын. Әртүрлі пиғылы нашар әрекеттерге еріп кетпей, өзінің өзегінен ажырамау үшін ұлттық сана қалыптасу тиіс. Халықтың ортақ діті мен мақсаты пайда болмағы қажет.

Ол үшін жастардың рухани жігерін, рахани ой-өрісін дамытпақ ләзім. Осы тұрғыдан келгенде Алматы қалалық әкімшілігі Дін істері басқармасының жанынан құрылған «Талантты жастарды қолдау» орталығы біршама жұмыс атқарып жүр. Осы орталық «Жастар – мәңгілік ел тірегі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, оқушылар мен студенттерді бүгінгі діннің жай-күйімен таныстырып, жат ағымдардан қалай сақтану керектігін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚР Конституциясы, «Экстремизмге қарсы күрес» Заңы туралы дөңгелек үстел өткізгені жастарға ой салды деген ойдамын. Осындай шаралар өте көп керек және нәтижелі болуын мақсат етсек. Талантты жастарымыз жаттың жетегінде кетпесін десек, көңіл бөлейік!

Еділ АНЫҚБАЙ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста