Шымкентте Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы ашылады

Шымкент қаласында Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы салынды. Оның ресми ашылу рәсімі осы айда өтеді деп жоспарланып отыр. Оны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкентте өткен «Ордабасы: кеше, бүгін және ертең» (Қазақ көші-қонының бүгінгі жағдайы мен келешегі) деп аталатын дөңгелек үстел жиынына қатысушылармен болған кездесу кезінде айтты.
«Біздің байқауымызша республикада мемлекеттік тұрғыда салт-дәстүрге байланысты арнайы бір институт ретінде жұмыс жасап отырған орын жоқ сияқты. Әркім енді өзінің санасына байланысты, мүмкіншілігіне қарай тіршілігін жасап жатыр ғой. Біреу журнал, біреу газет шығарып дегендей. Бірақ соның бәрін саясат ретінде қалыптастырып, бір жүйе ретінде топтастыратын орталық жоқ сияқты», - деді А.Исабекұлы. Облыс басшысының сөзіне қарағанда, Елбасы айтқан Мәңгілік ел болу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздегенде осындай орталықтар өз үлесін қоспақ. Ондағы мақсат - үлкенге құрмет, жетім мен жесірді жылатпау деген сияқты рухани дүниелерді жинақтап, топтастырып, жүйелендіріп, өз алдына бір базасын жасау. Одан кейін оны бүгінгі ұрпаққа тарату, келесі ұрпаққа жеткізудің жүйесін қарастыру. Бұл жаһандану заманында жастарымыздың ғаламтордағы неше түрлі ағымдарға еліктеген заманында бұрынғыдан қол үзіп бара жатқан жерлерді толықтыруға өз септігін тигізері анық.
«Орталық тек қазақтың ғана емес, Қазақстан халқына байланысты тиімді жері болса, рухани байлыққа жұмыс істейтін жері болса өзге ұлт пен ұлыстың да мұрасын жинайтын болады. Оны топтастырғаннан кейін айталық мектептерде қандай сабақ өткізу керек, орта және жоғары оқу орындарында қандай сабақ өткізу керек не болмаса қандай іс-шара өткізу керек, қоғамдық ұйымдар қандай жұмыс атқару керек деген секілді түрлі бағыттарда жұмыс жасап жатырмыз. Ол бітсе үлкен бір жұмыс болғалы тұр. Бұл қалың қазақтың ортасы, оңтүстікте ашылмағанда қай жерде ашылады. Орталықты осыны да ескеріп ашып отырмыз», - дегенді айтты А.Мырзахметов кездесуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста