Алматы облысында наурыз айының 20 – 21 күндері қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысының таулы аймақтарында қар қабатының тым қалың болуы мен жауын-шашын мөлшерінің көп түсуіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталып отыр. Осыған байланысты туристер үшін тауға шығуға шектеу қойлады. Қар көшкіні жүру қаупінің жоғарылығына байланысты биік жарқабақтарға шықпауларыңыз сұралады», – делінген хабарламада.