Суға шомылу маусымының да қауіп-қатері көп

Суға шомылу маусымының да қауіп-қатері көп

Жаз айы шығысымен күн ысығаннан бастап адамдар өзен-көлдердің жағасында демалып, суға түсіп, күнге қыздырынғанды жақсы көреді. Әрине, суға түсіп демалудың пайдасы адам денсаулығы үшін орасан. Бірақта қауіптілігі де жоғары. Көптеген демалыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жататыны өкінішті. Ашық дерек көздер таратқан мәліметке қарағанда суға батып кетіп, ажал құшқандардың саны әлем бойынша үшінші орынды көрсетеді екен. Сондықтан су жағасында демалуды ойлаған адам ең алдымен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны жөн.

Елімізде бұл қауіптің  алдын алу шаралары жиі жасалып, жіті қадағаланып отырады. Жыл сайын барлық облыстарда, қалаларда, аудандарда, ауылдарда Төтенше жағдайлар минстрлігіне қарасты мекемелер суға түсуге қауіпті аймақтарды анықтап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Суға батып бара жатқан адамға қандай көмек жасау, қалай құтқару керектігі жөнінде және судан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету туралы арнайы тренингтер мен оқу-жаттығу жұмыстарын да жиі өткізіп тұрады. Күн ысып шомылу маусымы басталысымен арнайы рейдтер жасалып, құтқарушыларды дайындап, еріктілер тобын жасақтап жүйелі істер атқарылады. Сонда да суға кетіп ажал құшқандардың саны азаятын түрі жоқ. Биылғы маусымда да қанша ма адам суға түсемін деп ажал құшты. Олардың біразы  балалар екені анық. Сондықтан әрбір отбасы өз балаларының өміріне жауапкершілікпен қарап, суға түсу тәртібін үйретіп, кішкентай балаларды көзден таса қалдырмай қадағалап отырғаны жөн.

Балалардың қауіпсіздігі қоғамдағы басты мәселе деуге болады. Бұл бағытта Төтенше жағдайлар қызметі балаларға түсіндіру жұмыстарының жаңа тәсілдерін ойластырып, үнемі ізденіс үстінде келеді. Мысалы биыл ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті балаларға суға түсу тәртібін, қауіпті су қоймаларына ересектердің қарауынсыз бармау керегін түсіндіретін ерекше мультфильм түсірді. Фильмнің атауы «Тентек пен Айя». Шығармашылық жұмыс  MediaPRO.KZ ЖШС-мен бірге атқарылды. Бұнын алдында, яғни былтыр өрт қауіпсіздігін түсіндіретін дәл осындай мультфильмнің алғашқы сериясын шығарған болатын. Екінші шығарылымда балаларға суда өзін қалай  ұстау керектігі туралы баяндалып, қарапайым әрі түсінікті нұсқаулар берілген. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда қандай қиындықтарға тап болатыны мысалдар арқылы түсіндірілген. Бұл мультфильм талай жеткеншектің өмірін сақтап қалуға көмектесетіні сөзсіз. Сондықтан шығармашылық топтың көздеген мақсаты орындалғаны анық. Анимациялық фильмді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады.

Осы ретте Төтенше жағдайлар қызметі мен арнайы мамандар бекіткен суға түсушілерге арналған қауіпсіздік ережелерін, батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін оқырман қауымның назарына ұсынып, есіне салып өткеннің артығы болмас.

Алдымен суға шомылу кезінде болатын тосын жайларды, оқыс жағдайға тап болған кезде қалай әрекет ету керегін баяндап өтсек.

Бәріміз білетіндей суға түсудегі қауіпсіздіктің ең басты кепілдерінің бірі – жақсы жүзе білу. Бірақ жақсы жүзе алатын адам да үнемі сақ, тәртіпті болып және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек. Сондықтан қыр-сыры белгісіз су қоймаларында суға түспеңіз. Өйткені оның түбі терең немесе судың асты адамның денесіне жабысатын балдырлы, суық  болуы мүмкін.

Су айдындарында мүмкіндігінше әртүрлі ойындарды ойнамаңыз. Өйткені суды шашыратып, толқын тудыру басқа адамдардың су ортасында тыныс алуына кедергі келтіріп тұншығып қалуына себеп болуыңыз мүмкін. Суға түсіп жүргенде оқыс оқиға болса, қорықпауға тырысыңыз. Қорқыныш сезімін жеңе алмай қалсаңыз өз әркеттеріңізді бақылай алмайсыз. Тұншығып бара жатып айқайламаңыз, өйткені су өкпеге бірден кіріп кетеді. Басыңызды судан жоғары шығарып, терең тыныс алғаннан кейін ғана айғайлауға болды. Құтқарушыларға қол сермеп белгі беріңіз.

Ал егерде жүзуді білмей, судың ортасында кездейсоқ қалып қойсаңыз қолдарыңызды кең жайып, мүмкіндігінше терең және сирек дем алыңыз. Тік тұрып, аяқты педаль басқандай жылжытып, қолдарыңызды жоғары көтеріп суды төмен итеріп қозғалтыңыз. Үзідкісіз қимылдан шаршап қалсаңыз суға арқамен жатып, демалуға тырысыңыз. Ол үшін қол мен аяқты түзу ұстап, басыңызды судың үстіне қойып, тынығып алуға әрекет жасаңыз. Судың суықтығынан тонып қалсаңыз қолдарыңыз бен аяқтарыңызды кезекпен созу арқылы жылытуға тырсыңыз. Ал аяғыңыз тартылып қалса суға батырыңыз да күшпен өзіңізге қарай тартыңыз.

Кейбір көлдер мен өзендерде айналмалы иірімдер болады. Ол адамды шыр көбелек айналдырып түбіне тартып әкетуі мүмкін. Сондай қауіпке кездессеңіз өкпеңізге көбірек ауа жұтып, қауіпсіз жаққа қарай  яғыңызды күрт сермеп секіріңіз.

Ал өзенде жүзу кезінде қатты ағысқа түсіп қалсаңыз күшіңізді босқа жұмсамаңыз, ең жақын жағалауға қиғаш бағытта жүріп, жай ғана ағыспен жүзіңіз.

Су астында неше түрлі қауіпті заттар болуы мүммкін. Соны бірі балдырлар. Суда жүзуге кедергі келтіріп, балдырлар аяғыңызға жабыса бастағанын сезген бойда тоқтамаңыз, бір орында тұрып қалмаңыз. Екі аяқпен күрт итеріп, өзіңізді босатуға тырысыңыз. Егер мұны бірден жасау мүмкін болмаса, балдырларды екі аяқпен кезек-кезек ысқылап босатуға тырсыңыз. Судың астына түсіп балдырларды қолмен аршимын деп әрекеттенбеңіз, балдырлар мойныңызға жабысып шатасып байланып қалуы мүмкін.

Осындай қиындықтарға тап болып, өміріңізді қауіп пен қатерге байламас үшін қарапайым қағидаларды қатаң сақтаған жөн.

Біріншіден суға түсуге арнайы дайындалған, рұқсат етілген, жағасында құтқарушы мамандар жұмыс істейтін орындарда ғана шомылуға тырсыңыз.

Екіншіден ішімідік ішіп, мас болған кезде өзен-көлдерге, жалпы терең су қоймаларына түспеңіз.

Үшіншіден ыстық күннің астында қыздырынып, суық суға бірден түспеңіз. Температураның кенеттен өзгеруі жүрекке салмақ салып, тоқтап қаулы мүмкін.

Төртіншіден ауа райы дауылды күні жағаға толқын ұрып буырқанып жатқан теңізге, көлге түспеңіз. Қатты толқын өзіне тартып әкетеді. Ағысы қатты өзенге түсуден мүлдем аулақ болған жөн.

Бесіншіден жақсы жүзуді білсеңіз де жағалаудан ұзап кетпеңіз. Өміріңізге қауіп төнсе құтқарушылар жылдам жете алатындай болуы керек. Батып бара жатқаныңызды сезсеңіз құтқарушыларға, жағалаудағы адамдарға бірден белгі беріңіз.

Ал суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз оны құтқарып қалуға тырысу, әр адамның азаматтық парызы.

Ондай жағдайда үрейленбеңіз. Алдымен айқайлап құтқарушылардың немесе жағалаудағы адамдардың назарын батып бара жатқан адамға аударуға тырсыңыз.

Жағалауға жақын жерде судан шыға алмай тұншығып, жанталасқан адамды көрсеңіз айналаңызға жіті қарап, құтқару қалқаншасын немесе құтқару құралы ретінде қолдануға болатын пневматикалық матрацтарды, кеудешелерді, қалқымаларды, ұзын арқандарды т.б. көмектесуге жарайтын заттарды  тауып зардап шегушіге лақтырыңыз. Басқа амал таппасаңыз өз қабілетіңізге қарай әрекет еткен дұрыс. Жүзе алмайтын немесе жүзуді нашар меңгерген болсаңыз құтқаушы кеудеше немесе арнайы белдік киіп алып суға түсіңіз. Ал жақсы жүзе білетін адам болсаңыз бірден суға түсіп оның шашынан, аяғынан тартып судан шығаруға тырсыңыз. Тіпті болмаса арт жағына бір қолыңызбен қапсыра құшақтап, екінші қолыңызбен жүзіп жағаға жеткізуге болады. Тұншығып бара жатқан адамға қолыңызды созып немесе алдыңғы жағынан қапсыра құшақтап алу өзіңізге қауіпті. Жанталасып есі шыққан адам сізді де өзімен бірге батырып әкетуі мүмкін.

Зардап шеккен адамды жағалауға алып шыққаннан кейін маңайда дәрігер немес арнайы мамандар болмаса, дереу өзіңіз алғашқы көмек әрекеттерін жасаңыз.

Бірден оның ауыз қуысына құм немесе балдырлар кіріп кетпегенін анықтап,  тыныс алуына қиындық тудыратын барлық заттан тазалаңыз. Сосын тізеңізге етбетінен яғни ішімен жатқызыңыз, басы төмен салбырап тұратындай болсын. Өйткені жұтып қойған суды шығару керек. Суды бірден құспаса тілінің түбінен басып құстырыңыз. Содан кейін барып оны шалқасынан жатқызып, тануын қолыңызбен қысып тұрып, аузыңызды аузына тақап қатты үрлеп жасанды түрде дем жіберіңіз. Ал жүрегі соқпай қалғанын байқасаңыз жүрегінің үстінен алақандарыңызды айқастыра қойып минутына 15 рет басып жасанды массаж жасау керек. Зардап шегуші есін жинай бастағанын байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырған жөн.

Міне бұл кез келген адам, тіпті балаларға дейін білуге тиіс ережелер. Осының бәрін тізбектеп жазып отырғанымыз қарапайым қағидаларды білудің өзі көптеген қауіптен қорғап, ажалдан арашалап қалуы мүмкін. Сондықтан қауіп қатерден әрдайым сақтанып, айналаңыздағы адамдарға да ескерте жүріңіз. Өйткені қоғамның басты байлығы адам өмірі бәрінен қымбат. 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста