Бәйдiбек ауданының орталығы - Шаян елдi мекенiнде жыл басынан берi тындырымды тiрлiктер атқарылып, ауылдың ажары арта түстi.
Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берiлдi. Автокөлiктерге арналған 6 көше кеңейтiлiп, 7 жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаңадан аяқжол төселдi.
Аудан орталығының сәулеттiк келбетiн жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелi қолға алудың нәтижесiнде көше бойындағы жиектер (бордюрлар) жаңартылып, су ағатын арықтар қазылды.
Шаяндағы орталық көшелер де жаңарған. Онда бүгiнге дейiн 10 орталық көшенiң қақпасы (арка) жаңадан орнатылып, 10 гүлзар бой көтердi. Мұнан бөлек, мекемелердiң алдында автокөлiктерге арналған 10 автотұрақ салынды.
Сондай-ақ, аталған елдi мекен көшелерiн көркейтiп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргiзiлдi.
Мәселен, жыл басынан берi аудан орталығының орталық көшелерiне 2500 түп ағаш отырғызылып, 7 мың дана раушан гүлi мен 13 мың түп гүлдi өсiмдiктердiң көшеттерi егiлдi.
"Оңтүстік Қазақстан"