Қарағандылық әйел байқаусызда өзінің туған баласын өлтіріп қойды.
Бұл туралы «Казинформ» хабарлайды.
43 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны өзінің екі жасар қызын ыстық су құйылған ваннаға құлатып алды. Тәнін басқан салдарынан бүлдіршін бірден ажал құшты.
Құқық қорғау органдары үйге келген кезде, бүлдіршін өлі күйінде төсекте жатқан. Анасы оны байқайсызда ыстық суға құлатып алғанын айтқан. 1974 жылғы ана енді сот алдында жауап береді. Мамандар бүлдіршіннің тәніне экспертизалық сараптама жүргізген.