Халықпен кездесу өткізген Орал қаласының әкімі Алтай Құлғинов өзінің жалақысы қанша екенін айта алмады. Бұл туралы Уральская неделя басылымы хабарлады.
Санат Урналиев есімді журналист әкімнен қанша жалақы алатынын және өзі мен туыстарының атында қандай жылжымайтын мүлік тіркелгенін сұраған.Өкінішке қарай, әкім бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.
"Мен тоғыз ағайындымын. Оның әрқайсысының жалақысын айтып отырсам, олардың құқығын бұзғаным емес пе?", - деді Алтай Құлғинов.