Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларының иммундық жүйеден жасырынуына көмектесетін ферментті тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іslam.kz-ке сілтеме жасап.
Дәлірегі, киназа деп аталатын глиомадағы (Глиома – ми мен жұлында пайда болатын ісік түрі. Глиоманық жүйке жасушаларын қоршап, олардың қызметіне көмектесетін желім-тірек жасушалардан (глиалды жасушалардан) басталады) иммундық жауаптан (реакциядан) жалтаруға жауапты екені анықталды.
Бұл жайында Nature Communications мерзімді басылымынағы зерттеу материалында жарияланған.
Бұл тараптағы зерттеу барысында мамандар анықтағандай, Chek2 гені істеп шығаратын киназа ферменті глиомалық обыр жасушаларына тәжірибедегі тышқанның CD8 Т жасушаларынан құтылуына көмектеседі.
CD8 Т жасушалары - сыртқы патогендерге шабуыл жасауға көмектесетін иммундық жүйенің құралы. Қатерлі ісік пайда болған кезде бұл жасушалардың дисфункциясы бекітіледі.
Зерттеушілер бұл тетіктің сырын глиомалардың иммундық жүйемен күрделі байланыста болатындығымен және ісіктердің иммундық жауапты басу және одан құтылу үшін әртүрлі тактикаларды қолдануымен түсіндіреді.