Көкшетаулық шебер Шоқан Еламанов жасы 70-ке таяса да, ағаштан ұлттық саз аспаптарын жасаудан әлі қол үзген емес. Осы өнермен 30 жылға жуық уақыт айналысып келе жатқан ол, бүгінге дейін мыңға жуық домбыра мен 20 шақты қобыз жасаған. Астау мен күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдарды да Шоқан ағаның шеберханасынан табуға болады. Әрі ол барлығын көне технологиямен жасайды. Бұл – уақытпен тексерілген әдіс. Шебердің ендігі арманы осы ұлттық өнерді ұрпаққа жеткізетін мектептердің елімізде көптеп ашылғанын қалайды. Шоқан Еламанов, ағаш шебері: - Жасаған бұйымдарымды өте сапалы істеуге тырысамыз. Мысалы, астауды тұзды суға салып, 10 сағаттан астам қайнату керек. Сонда ол жарылмайды, тесілмейді және көпке шыдайтын болады. Ендігі арманым – осы бар білгенімді келер ұрпаққа үйрету. Біз сияқты аға буын үйретпесе, жастар оны қайдан біледі?
Көкшетаулық шебер мыңға жуық домбыра жасаған
Последние статьи автора