Кішкентай қызын аямай ұрып-соғып, оны видеоға түсірген ана жазадан босатылды

 Павлодарда қызын видеоға түсіре отырып, ұрып-соққан әйелге кешірім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үш жасар Айлинді ұрып-соққан анасына қатысты қозғалған қылмыстық іс тараптардың татуласуымен жабылды.

"Павлодар тұрғыны Ержан Қасымов азаматтық некедегі әйеліне шара қолдануды сұрап, арыз жазған. Ол арызында әйелі Нұргүл Докуованың үш жасар қызды ұрып-соғатынын айтқан. Докуоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабымен жүргізілді. Тергеу барысында ер адам Докуовамен татуласқаны жөнінде өтініш түсірді. Осыған байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында. Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ болады, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды. Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді. Естеріңізге сала кетсек, мына видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, жұртшылықтың ашуын тудырған болатын.

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста