Жыл сайын жаңа оқу жылы басталарда әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға көмек жасалып, түрлі оқу-құралдары мен мектеп формасын беру арқылы жәрдемдесуге арналған акциялар ұйымдастырылады.
Өйткені жаңа оқу жылына дайындық көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларға ауыр тиуі мүмкін. Сондықтан Республика деңгейінде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы балалардың қажеттілігін өтеп, оқу құралдарын түгендеп, жаңа оқу жылының дайындығына үлес қосатын ерекше шара.
Маңғыстау облысында да осындай ізгі шара өтті. Бұл істі Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалы ұйымдастырып, Маңғыстау ауылындағы №5 мектептің оқушыларына көмек көрсетті. Кәсіпкерлер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
«Біз балаларға көмегіміз тиіп, олардың жүздеріне қуаныш ұялатқанымызға өте қуаныштымыз. Әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді «Айшат» мейрамханасының өкілі Гүлнар Арбалиева.
Өздеріне демеушілік жасаған «Айшат», «Дәстүр» және Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалына ата-аналар алғыстарын айтып, қуанышты екендіктерін білдірді.
Кәсіпкерлер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесті
Последние статьи автора