Мордовия мемлекеттік университетінің ғалымдары салыстырмалы салмағы әдеттегі құрылыс материалдың салмағының жартысындай болатын жеңіл бетонды құюдың тәсілін ойлап тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі «Российская газета» мерзімді басылымына сілтеме жасап жазды.
Ресейлік мамандардың қолынан шыққан бұл материалдың беріктігі, аязға төзімділігі және су өткізбейтін ерекшелігі бойынша қарапайым бетоннан асып түседі.
Сонымен қатар, жеңіл бетонның шөгу жылдамдығы да екі есе төмен.
Артемий Балықов есімді техника ғылымдарының кандидаты, Мордовия мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері бұл тарапта аталған құрылыс материалын әзірлеуде минералды шикізат азасын пайдалануға, сондай-ақ, арзан болуына және жаппай өндіруге қолайлы жағына басты назар аударылғанын жеткізді.
Мордовияның жеңіл бетоны композициялардың көп нұсқалылығы және төмен құны бойынша қолданыстағы ұқсас материалдардан оқ бойы озық тұр.
Сонымен қатар, бұл материалды кеңінен, дәлірегі, көптеген салада қолдануға болады: көпір, аэродром мен жол құрылысына, темірбетон бұйымдарын өндіру, т.б.
Алайда, мұндай жетістіктің құпиясы айтылмады, яғни, қандай технология негізінде жасалғанынын ашып айтпады.