Ғалымдар газдалған сусынның миымызға қалай әсер ететінін көрсетті

Ғалымдар кеміргіштерге тәжірибе жүргізу арқылы, күлі әлем бойынша кеңінен тұтынылатын газдалған тәтті сусындардың кері әсерін нақты дәлелдеп берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі Experimental Gerontology мерзімді басылымына сілтеме жасап жазды.

Тәтті әрі газдалған сусындар мидың маңдай тұстағы қыртысына зиян келтіреді.

 

Бұдан бөлек, егеуқұйрықтарда маңызды психикалық функциялардың ауытқуына әкелген. Қантты, газдалған сусындарды үнемі ішетін егеуқұйрықтардың есте сақтау қабілеті мен, когнитивті қабілеті төмендеген және жасушаларында да ауытқу байқалған.

 

Газдалған сусындар сусамыр, жүрек-қан тамыр аурулары, тіс жегі және бауырдың асқынуы сияқты бірқатар ауруларға әкеледі.

 

Қантты, газдалған сусындарды ұзақ уақыт тұтыну мидың саулығына және мінез-құлқына теріс әсер ететінін таяуда жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетіп берді.

 

Газдалған сусындардың егеуқұйрықтардың миына әсерін зерттеу үшін ғалымдар кеміргіштерді жасына қарай  үш топқа және кіші топтарға бөлді. Кейбіреулерге тек су, ал басқаларына су мен газдалған сусын берілді. 57 күннен кейін олардың мінезіне талдау жүргізілді, содан соң жануарлардың миындағы ықтимал өзгерістерді зерттеу үшін эвтанизация жасалды.

 

Бұл бағыттағы сынақтардың нәтижесінде газдалған сусын тұтынған егеуқұйрықтардың көпшілігінде, әсіресе, екі және сегіз айлық кеміргештірдің есте сақтау қабілетінің нашарлағы анықталды, олар тәжірибе кезінде шытырманнан әзер жол тауып шыққан.

 

Мидың зерттеу нәтижесі маңдай қыртысының және гиппокамптың зақымдалғанын көрсетті - маңызды психикалық функцияларды (зейін, есте сақтау, пайымдау және оқу) бақылайтын аймақтардағы ауытқудың барын көрсеткен.

 

Неврологиялық зақымданудың денсаулыққа кері әсер көп. Адамның маңдай қыртысының зақымдануы да өз кезегінде оның тұлғалық қасиетін өзгертеді. Гиппокамптың зақымдануынан мазасыздық пайда болады, күйзеліске бой алдырады (депрессия), биполярлық ауытқу, шизофрения және басқа да психикалық аурулардың дамуында маңызды рөл атқарады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста