Орал қаласындағы "Подарки" сыйлықтар дүкенінде фашистік символика таңбаланған сурет сатылуда. Тұрғындардың шамына тиген бұл суретке дүкен иесі шаң жуытар емес. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасап NUR.KZ сайты хабарлап отыр.
"Биг Бен", Виндзор сарайы бейнеленген және London деп жазылған картинадан Англияны тануға болады. Алайда, аталған суреттен фашистік Германияның символикаларын да көруге болады.
Атап айтар болсақ, Адольф Гитлердің, Үшінші рейх бүркітінің суреті бар почта маркасы да әлгі картинада көрініс тапқан. Сонымен қатар фашисттік "Deutsche LUFTPOST" деп жазылған белгі (аудармасы: "неміс әуе поштасы") бейнеленген.
Портал журналистері дүкен иесінен бұл сурет туралы сұрағанда, саудагер әйел суреттің 4300 теңге тұратынын, оның сатылымға жақында түскенін және бұл суретті сатылымнан алмайтынын айтқан.
"Мұндай картиналар бізде жетіп жатыр. Сіздерге кім хабарласқанын білмеймін, бірақ, бізге ешкім әлі ештеңе деген жоқ", - дейді дүкен иесі.
Бұл суретті қала тұрғындарының бірі дүкеннен көрген соң, ақпарат құралдарына хабарлаған.
NUR.KZ
Фашисттік символикалар бейнеленген картина Орал тұрғындарының ашу-ызасын туғызды
Последние статьи автора