Жаңа оқу жылының қарсаңында Ілеауданы Ақши ауылында жаңа балабақша ашылды. Сөйтіп аудандағы балабақшалар саны 45-ке жетті. Жалпы биылдың өзінде мұнда 11 балабақша ашылғалы отыр, депхабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мектепке дейінгі бұл мекемені «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде аудандық мәслихат депутаты, іскер азамат, «ДәулетБекет» ЖШС президенті Сыдық Дәулетов өз қаражатымен ашқан. Жаңа нысанның ашылуы нәтижесінде 17 адам жұмыспен қамтылды.
«Ақбота» балабақшасы 100 балаға арналған. Екі қабатты ғимаратта балаларға қажетті барлық жағдайлар жасалған.
Салтанатты басқосуға ауданәкімі Қыдыркелді Медеуов бастаған аудан активі қатысты. Жиын алдында Сыдық Дәулетов ең алдымен ауыл мәдениет үйіне бас сұғып, ауылдың мобильді кітапханасына принтер табыс етті.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.