Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өзінің және қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
«Бір кездері барлық жерде судьялардың жалақы сомасының жоғары екендігі жазылды, жақында мен осы сұрақты Жоғарғы сот кеңесінің төрағасына, Жоғарғы соттың судьясына қойдым. Жиналыста мен былай дедім: Депутаттардың жалақысын көтереді екен, бізге де сондай жақсы жаңалық бар ма екен?» Ол күлді. Бізге соңғы рет жалпы барлық мемқызметкерлерге алты жыл бұрын жалақымызды өсірген. Мен қалалық соттың төрағасы ретінде, судья ретінде, сот жүйесінде 30 жыл жұмыс істеген адам ретінде, қолыма 373 мың теңге алатынымды жариялаймын. Мұның барлығы еңбек өтіліне байланысты. Аудандық судьялар 220 мың теңге алады», – деді Ақжан Ештай.
Алматы қаласының бас судьясының айтуынша, тағылымгер судья жалақысының 70 пайызын алады, ал қалалық сотта істейтін хатшы – 80 мың теңге, аудандық – 70 мың теңге.
Ақжан Ештай судьялардың жалақысы орташа деп ойлайды, алайда дамыған елдермен салыстыратын болсақ, біздің елде тым аз. Бірақ көршілес елдермен салыстырғанда шамалас болып келеді екен.