Жол ережесіне өзгеріс енеді

Жол ережесіне өзгеріс енеді

Жаңа ережені Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті дайындайды. Жол ережесіне көптің көкейінде жүрген электросамокат туралы тармақ қосылмаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мопедтің «цилиндр көлемі 50 текше см-ден аспайтын іштен жанатын қозғалтқыш немесе сағатына 50 шақырымды алқымдайтын электрлі қозғалтқышпен жабдықталған екі-үш дөңгелекті көлік» деген бұрынғы анықтамасы сақталады.

 

Аспалы козғалтқышы бар велосипед, мокик, скутер және сипаттамасы мопедке ұқсайтын барлық көлік мопедке жатады. Теория жүзінде бұларға сағатына 50 км бағындыратын, электромотормен жабдықталған самокат жатады.

 

Полициядан түсініктеме күтеміз. Өйткені олар самокатты бірде мопедке жатады десе, бірде қарсы шығады. Самокат пен мопедті теңестірсе, қос дөңгелекті көлікті 16-ға толғандар ғана жүргізе алады.

 

 

«Жол жүрісі туралы» заңға электросамокат туралы өзгерту енгізуді парламент талқылап жатыр. Мәжіліс депутаттарын жақында ғана сайлағанымызды ескерсек, күтуден басқа амал жоқ.

 

Жаңарған ережелерде мопед иелеріне шлем кию туралы да сөз қозғалмағаны көңілге күдік ұялатады.

 

Жол ережесін бұздың ба? Видеоға назар сал!

 

Жаңа құжатта мынадай өзгеріс бар: егер ереже бұзылғаны камераға түссе, патрульдік полиция жүргізушіге дәлел ретінде жазбаны көрсетуге міндетті болады.

 

Жеңіл жол апаты еуропротокол көмегімен рәсімделеді.

 

Апат салдарынан ешкім зардап шекпесе, жүргізушілер апат орнын өз бетінше рәсімдеп, оқиға сипатталған алдын ала сызба құрып, ішкі істер органына өткізеді.

 

Заң тілінде ол былай жазылады: «жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде оқиғаның схемасын жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне барадыі.» Норма 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

 

Автобус жүргізушілеріне қойылатын талап

 

 

Жүргізуші (D категориясы) орнын санамағанда, орын саны сегізден көп жолаушы таситын көлікті 25 жасқа толған және D1 санатына жататын техниканы тізгіндегеніне кем дегенде бір жыл болған адам жүргізе алады.

 

Қазір 8-16 орындық автобусты 21 жасқа толған, үш жылдық өтілі бар азамат жүргізе алады. 25 жас деген шектеу одан ірі көлікке ғана қатысты. Енді билік барлық автобусты теңестіреді.

 

Жаңа жол белгілері

 

 

Ережеге мынадай жол белгілері енеді:

 

5.44 «Тұраққа шектеу қойылған аймақ». Көлік қоюға тйым салынған аумақ (жол бөлігі) басталатын жер.

5.45 «Тұраққа шектеу қойылған аймақтың аяқталуы».

5.46 «Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақ». Ең жоғары қозғалыс жылдамдығы шектелетін аумақ (жол бөлігі) басталатын жер.

5.47 «Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы».

5.48 «Жаяу жүргінші аймағы». Тек жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат берілетін аумақ (жол бөлігі) басталатын жер.

5.49 «Жаяу жүргінші аймағының аяқталуы».

5.50 «Механикалық көлік құралының экологиялық класына қатысты шектеу бар аймақ». Экологиялық класы белгіде жазылғаннан төмен немесе тіркеу құжатында жазылмаған механикалық немесе басқа түрлі көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады.

5.51 «Механикалық көлік құралының экологиялық класына қатысты шектеу бар аймақтың аяқталуы».

 

Бұлардың ішінде бізді қызықтырғаны экокласқа қатысты шектеу. Ол туралы Алматыны дамыту бағдарламасында сөз болған еді. Бірақ билік қайда және қалай шектеу қоятыны әзірше түсініксіз. Шенділер Лондондағы жүйені негізге алатын шығар.

 

Алдыңғы қиылыста кептеліс болып жатқанда басуға болмайтын торлы (вафли тәрізді) таңба мемлекеттік стандартта болса да, ереже жобасын енбепті. Өкінішті.

 

Жалпы жобада таңғаларлық ештеңе жоқ. Көбін жұрт бұрыннан күткен. Жол ережесіне электросамокат пен орташа жылдамдық түсінігі де қосылмаған. Бұл әзірше енуі мүмкін өзгерістер жазылған жоба екенін ескерсек, ол әлі толығуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста