Ұйықтап кеткен жүргізуші полиция автокөлігімен соқтығысты
![Ұйықтап кеткен жүргізуші полиция автокөлігімен соқтығысты](/image/stub.png)
Павлодар облысында такси жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп, патурльдік автокөлікке соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
11 мамыр күні Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары: Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді.
Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқылдауық пен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде ол рөлде ұйықтап кеткен. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)