СҚО-да екі көлік соқтығысып, екеуі де жанып кетті
![СҚО-да екі көлік соқтығысып, екеуі де жанып кетті](/image/stub.png)
СҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметінің мәліметінше, кеше сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана-Петропавл автожолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті.
Астана қаласының тұрғындары – Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
ЖКО фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)