Қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізуші әйел жұбайы мен үш баласының өмірін қиды
Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
21 ақпан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды, жолаушы 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 ж.т. үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу