"Көліктің капотына шығып, әйнегін сындырған". Көлік жүргізушілерінің жолдағы жанжалы видеоға түсірілді
Қазақстандық жүргізушілердің жолдағы жанжалы видеоға түсіп, әлеуметтік желіге тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ашуланған жүргізуші сол жақ жолақтағы көлікті тоқтатып, капотына шығып, аяғымен алдыңғы әйнегін сындырған. Содан кейін ол төмен түсіп, жүргізуші отырған жақтағы терезені жұдырығымен ұрып сындырып, оны сыртқа шығаруға тырысқан. Бұл кезде көліктің ішінде жүргізушіден бөлек әйелі мен баласы болған.
Видеода олардың қазір ауруханада жатқаны айтылды.
Оқиға Алматы облысында Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда болған.
"28 маусымында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ы есімді ер адам жазбаша өтінішпен жүгінді. 1992 жылы туған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы, ол сағат 19:20 шамасында Алматы - Бішкек автожолында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол көлік оқиғасын жасаған. Бұл ретте оның көлігі бұзақының кесірінен зақымданған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша аудандық полицияның соталды тергеуінің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1993 жылы туған күдікті К есімді ер адамды ұстады", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Сот-медициналық сараптама тағайындады. Күдіктінің көлігі Ұзынағаш ауылындағы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.
"Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жүргізуші К есімді адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.